ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

Миссия
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесі бойынша ғылыми және оқу - әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында кешенді бағдарлама әзірлеуге, спорт түрлері бойынша республиканың спорттық резервін даярлауға және жасөспірімдер мен студенттік құрама командаларын жасақтауға қатысу, спорт түрлері бойынша республика құрама командасының мүшелеріне педагогикалық, психологиялық және дәрігерлік-биологиялық көмек көрсету, дене тәрбиесі жөніндегі педагог кадрларды қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға қатысу функцияларын қамтиды. Сондай-ақ, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
Орталық "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы №766 қаулысына сәйкес құрылды.
Орталықтың құрылтайшысы әрі басқаруды жүзеге асыратын орган ҚР БҒМ (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Орталықтың мүлкіне қатысты субьектісінің құқығын республикалық меншік құқығын ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүзеге асырады.
Руководство
Есентаев Тастанбек Құтжанұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері. 1960 жылы 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы Қызыл Ту колхозында жұмысшы болып бастаған. 1978 жылы Кеңес Армиясына әскери қызметке шақырылды. 1981-1982 жылдары А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының дайындық бөліміне қабылданды, ал 1985 жылы Қарағанды педагогикалық институтын "Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді. 1985 жылдан 2002 жылға дейін Қарағанды қаласында орыс тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың взвод командирі, Қарағанды облысы Ленин ауданы №23 ОМ әскерге дейінгі дайындық және дене тәрбиесі оқытушысы болып қызмет атқарды. Одан кейін Қарағанды облыстық туризм және спорт комитетінің жауынгерлік жекпе-жек мектебінің тай бокс және кикбоксинг бойынша жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.
2002-2009 жылдары Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры болды. 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітіріп, Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары, кейін басшысы болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2013 жылға дейін еңбек жолын ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы ретінде жалғастырды, сол жылы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің спорт резерві департаментінің директоры болып тағайындалды, одан кейін Агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Украина ұлттық спорт және дене шынықтыру университетінің аспирантурасына оқуға түсті. 2017 жылы дене тәрбиесі және спорт бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Сонымен қатар, Т.Құтжанұлы - көптеген монографиялардың, ғылыми кітаптардың, оқулықтар мен басылымдардың авторы. Оның жұмыстары Қазақстанда және бірқатар шет елдерде - Украинада, Ресейде, Канадада, Жапонияда жарияланды. Украина ғалымдарымен бірге жазған "Олимпиада ойындарына спортшыларды дайындау менеджменті" кітабының тең авторы.
2017 жылдан бастап осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып келді. 2018 жылы оның бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанынан қазақстандық кәсіподақтардың спорттық-сауықтыру қоғамы (КСОП) құрылды.
Бүгінгі таңда ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кикбоксинг федерациясының президенті болып табылады.
Спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001 ж.), "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (2009ж.) ,"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011 ж.) мерейтойлық медальдармен, сондай - ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының грамотасымен (2018 ж.) және ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен (2019 ж.) марапатталған.
Структура
Антикоррупция

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ресми сайтындағы жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бөліміне қош келдіңіз!

Осы парақшаға кіре отырып, еліміздегі мұндай жағымсыз көрініске бейжай қарамайтын ұстанымыңызды білдіргеніңіз деп есептеймін. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оны жою бағытында барлық талаптарды сақтай отыра жұмыс жүргізуде. Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 Қаулысына сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат жеткізген азаматтарды, құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленген соманы (30-дан 100 АЕК-ке дейін), материалдық ынталандыру белгіленген. Мұның барлығы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтауда белсенділік таныту мақсатында жасалуда.

Оқушылардан, студенттерден, мұғалімдерден, ата-аналардан және де жай ғана немқұрайлы емес азаматтардан кез-келген сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болған жағдайда жедел шаралар қабылдап, біздің кері байланыс желілеріне хабарлауды сұраймын. Сонымен қатар, жеке өзіме тікелей хабарласуыңызға болады:

Ученый совет
История