ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ



«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп Аристотель айтқандай, үздіксіз білім дәрежемізді жетілдіру болашағымыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын ұлағатты ұстаздар бар өмірін келешек жас ұрпақ үшін арнайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны аясында дене тәрбиесі пәні мұғалімінің құзіреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтеді. Курстың алғашқы легіне 20 топта 500-ге жуық #мұғалім қатыса алады. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру курсы мемлекеттік және орыс тілінде #Zoom платформасында жүргізіледі, 10 топ қазақша, 10 топ орысша оқытылатын болады. Айта кетейік, курстарға барлық өңірлердегі дене тәрбиесі мұғалімі #тегін қатыса алады.