ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

Дене шынықтыру сабағының қашықтан оқыту технологияларын қолданудағы басты мәселелері



ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен "Дене шынықтыру сабағының қашықтан оқыту технологияларын қолданудағы басты мәселелері» бойынша онлайн жиналыс өтті. Жиналысқа барлық өңірлердің аймақтық дене тәрбиесі орталықтарының басшылары мен білім басқармаларындағы спорт саласына жауапты мамандар, әдістемелік орталықтың басшылары және дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Күн тәртібінде дене шынықтыру сабағының қашықтан оқыту технологиялары, білім алушылардың дене шынықтыру дайындығының көрсеткіштеріне ұсыныстар енгізу, «Күнделік KZ», мектептерді спорттық құрал жабдықтарымен қамту, балалар және жасөспірімдердің дене дайындық клубының негізгі бағыттары мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Тамыз кеңесін ұйымдастыру және өткізу бойынша тапсырмалар берілді. Жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде жан-жақты талқылаулар болды. Қатысушылардың маңызды ұсыныс-пікірлері ескеріліп, келесі жиналыста нақты шешімдері қаралатыны айтылды.