ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ СПОРТЫ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫЛАДЫ



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» директоры Тастанбек Есентаев республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің бастамасымен олимпиадалық спорт түрін насихаттау мақсатында Федерацияның Бас хатшысы Данил Пакпен іскерлік кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесінде үстел теннисі спорты Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасына қосылатын болды. Елімізде жас теннисшілер арасында командалық жарыстар ұйымдастыру жоспарлануда, оның мақсаты: Қазақстан оқушылары арасында үстел теннисін насихаттау және дамыту; салауатты өмір салтын насихаттау; үстел теннисімен жүйелі түрде айналысу және оқу орны бойынша жарыстарға қатысу; болашағы зор жас теннисшілерді анықтау; үздік мектеп командаларын анықтау. Жарыстар төрт кезеңде өтеді: мектепішілік, аудандық, қалалық (облыстық) және республикалық (финалдық). ----- Директор Национального научно-практического центра физической культуры Министерства образования и науки Республики Казахстан Тастанбек Есентаев по инициативе президента республиканской федерации настольного тенниса Данияра Абулгазина провел деловую встречу с Генеральным секретарем Федерации Данилом Паком. Результатом переговоров стало включение настольного тенниса в Национальную школьную лигу. В стране будут организованы командные соревнования юных теннисистов, которые пройдут в четыре этапа: внутришкольные, районные, городские (областные) и республиканские (финальные). Цели: популяризация и развития настольного тенниса среди школьников Казахстана; пропаганда здорового образа жизни; регулярные занятия настольным теннисом и участия в соревнованиях по месту учебы; выявление перспективных юных теннисистов; определение лучших школьных команд.