ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

Қыркүйек айының үздік қызметкері



ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» қызметкерлердің мәртебесін көтеру, қызмет барысындағы жауапкершілігін және орындаушылық тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында «Айдың #үздік қызметкері» конкурсын ұйымдастырып, әр ай сайын үздік маманды марапаттау үрдісін бастады. Ең үздік қызметкер Орталық бас директорының грамотасымен #марапатталады және белгіленген еңбекақы қоры шегінде лауазымдық жалақыдан 20 % мөлшерінде біржолғы #сыйлықақы алады. Қызметтік міндеттерін атқаруда іскерлік әдепті, ресми мінез-құлық қағидалары мен қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтай отырып, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін танытып, міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқарғаны үшін Мұхашева Гүлжайна Өтепбергенқызы комиссия шешімімен қыркүйек айының үздік қызметкері болып танылды.