ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы: конькимен жүгіру спортының ашылу рәсімі



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы 22 ақпан мен 13 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан және Петропавл қаласында спорттың 8 түрі бойынша өтеді. Алғашқы сайыс - конькимен жүгіру спорты 22-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы, «Алау» мұз айдынында өтеді. Бүгін аталмыш спорт түрі бойынша жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК бас директоры Есентаев Тастанбек Құтжанұлы қатысып, оқушыларға спорттық жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, іс-шараға Конькимен жүгіру ұлттық федерациясының бас хатшысы А.А.Макишева мен «Алау» мұз айдыны кешенінің Спорт бөлімінің басшысы Э.С.Аджибаева қатысты. Сайыстың бас төреші – А.С. Гаврилов; Бас хатшы – К.В. Ищенко. Конькимен жүгіру спорты бойынша 8 командадан 93 оқушы бақ сынауда, олар Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жас спортшылары өзара сайысқа түсіп жатыр. Гимназиаданың ашылу салтанаты 28 ақпанда сағат 11:00-де Петропавл қаласының биатлон алаңында өткізіледі. Барлығы 8 спорт түрі бойынша 12 аймақтан 1300-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде. Мәнерлеп сырғанау - 24-28 ақпан, Нұр-Сұлтан қ., «Сарыарқа» СК. Биатлон - 26 ақпан - 3 наурыз, Петропавл қ., биатлон трассасы. Шайбалы хоккей – 26 ақпан - 5 наурыз, Петропавл қ., А.Винокуров атындағы спорт сарайы. Президенттік қысқы көпсайыс – 27 ақпан - 3 наурыз, Петропавл қ., биатлон трассасы. Шаңғы жарысы – 6-12 наурыз, Петропавл қ., шаңғы базасы. Қысқы спорттық бағдарлау – 7-12 наурыз, Петропавл қ., қысқы спорттық бағдарлау трассасы. Шорт-трек - 9-13 наурыз, Нұр-Сұлтан қ., «Сарыарқа» СК. Facebook: https://www.facebook.com/NNPCFK/ Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCUgevW0lUxgW8iuPmR0foHw Instagram: https://www.instagram.com/nnpcfk_mon_rk/?hl=ru Қосымша ақпарат: Гүлжайна Мұхашева, тел.: 87766110111