ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

САЛАУАТТЫ ЖАСТАРДЫҢ, ҚУАТТЫ ҰЛТТЫҢ НЕГІЗІ - БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында онлайн турнирдің ЖЕҢІМПАЗДАРЫ мен олардың дене шынықтыру мұғалімдері марапатталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында өткен онлайн турнирде Алматы обл., Қаратал ауд., Лермонтов атындағы орта мектептің оқушылары Эсмерова Гюзель 1 орын, Кудров Рустам 3 орын (дене шынықтыру пәні мұғалімі -Дюсенбаева Рысты Наймахановна), Павлова Дана мен Торяников Владислав 1 орынды жеңіп алды (дене шынықтыру пәні мұғалімі - жаттықтырушы Сайынов Юсупжан Кенжебекович). Ақмола облысының оқушылары Әліби Жауар 1-орын, Виктор Скорняков, Сергей Усанин, Диана Утегенова, Лаура Галиева, Асель Мамырбаева 2-орын, Виолетта Тыщенко 3-орынды иеленді, Карцев Илья үздік өнер көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды, балаларды додаға әзірлеген аймақтың білікті ұстаздары – Асет Шокаев, Усманов Асылжан, Азарбакытов Жасулан, Игорь Усанин. Атырау облысының оқушылары Сағынбек Хасанов пен Малика Есенова 1-орынды жеңіп алды; дене шынықтыру пәні мұғалімі 30 жыл жұмыс өтілі бар, С.Рахимов, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов, Т.Бигельдинов атындағы медальдардың иегері Досанов Мирамғали Бақтыгерейұлы. Семей қаласының оқушылары Нуралы Белгибаев 2-орын, Тимур Касенов, Егор Козырев, Юлия Гуценко 3-орынды иеленді. Тимур Касеновтің ұстазы - Н.Г.Чернышевский атындағы №1 мектептің дене шынықтыру мұғалімі, педагог-сарапшы Мурсалимов Рафаэль Мухаметгалиевич. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектеп оқушысы Ермек Аягөз 3-орын иеленді, дене шынықтыру мұғалімі Сатбай Ермаханов. Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортышлар мен мұғалімдерді шын жүректен құттықтай отыра, спорт және дене шынықтыру саласында озық облыстарға және ұстаздарына биік жетістіктер тілейміз!