ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ФЕДЕРАЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ СПОРТИВНЫХ ФЕДЕРАЦИЙ.



Елімізде індеттің таралуына байланысты өмірлік маңызды барлық салада елеулі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі білім беру саласы бүкіл әлемдік тәжірибені қолданысқа енгізіп, қашықтықтан оқыту режимінде білім беруді ұйымдастыруда. Онлайн жиынға 52 федерацияның өкілдері қатысып, карантин жағдайында спортшылардың онлайн жаттығуларын ұйымдастыру, онлайн турнирлерді өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Қашықтықтан жаттығу жасау жөніндегі мәселелер қарастырылды. «Ең алдымен қашықтықтан жаттығу жасау әдістемесін жинақтау жөнінде ұсыныс білдіргіміз келеді. Алдағы уақытта мектеп қабырғасында спорт түрлері бойынша жұмыстарды жандандыру бағытында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен федерациялар арасында ынтымақтастық орнатып, арнайы бағдарлама мен жоспарларыңызды жасауды ұсынамыз. Соның аясында балаларды спортқа баулу ісін одан әрі дамытатын боламыз. Біз өз тарапымыздан тиісті қолдауды көрсетеміз, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жүргізуге, ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуге және әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға әзірміз. Барлығымыз бірігіп жас ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттырып, спорттық дағдыларын дамытуымыз керек»,-деді ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» бас директоры Тастанбек Құтжанұлы. В связи с распространением эпидемии в стране происходят существенные изменения во всех жизненно важных сферах. Один из них внедряет весь мировой опыт в сфере образования, организует обучение в режиме дистанционного обучения. На онлайн-встрече представители 52 федерации поделились опытом организации онлайн-тренировок спортсменов в условиях карантина, проведения онлайн-турниров. Были рассмотрены вопросы по дистанционным тренировкам. «Прежде всего, мы хотели бы сделать предложение о разработке метода дистанционного обучения. В будущем мы предлагаем наладить сотрудничество между Национальным научно-практическим центром физической культуры и федерациями для разработки специальных программ и планов по активизации спорта в школе. В рамках этого мы будем и дальше развивать участие детей в спорте. Со своей стороны, мы готовы оказать соответствующую поддержку, работать рука об руку, оказывать научно-методическую поддержку и укреплять партнерские отношения. Вместе нам необходимо повысить интерес молодого поколения к спорту и развить его спортивные навыки », - сказал генеральный директор Национального научно-практического центра физической культуры Министерства образования и науки Республики Казахстан Тастанбек Кутжанович.