ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰСЫНЫМДАРЫ



"Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын өткізудің заманауи мәселелері» 27 қазан 2020 ж. Нұр-Сұлтан қ. Баяндамашыларды тыңдап, тақырыпты талқылау арқылы конференция қатысушылары жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі мен спорт саласы білім алушылардың денсаулығы мен психо-эмоционалды тәрбиесін нығайтудың қуатты факторлары болып табылатынына тағы бір мәрте көз жеткізді. Сонымен қатар, пандемия кезеңінде дене тәрбиесі сабағын қашықтан оқыту, оқушыларды тиімді тамақтандыру мәселелеріне байланысты маңызды ақпараттармен танысты. Баяндамаларды талдау негізінде конференцияға қатысушылар келесі ұсыныстарды қабылдады: - балалардың денсаулығын ең жоғары құндылық және мемлекеттің негізгі байлығы деп санай отырып, бүкіл білім беру мекемесі оқушыларды оқытудың барлық кезеңдерінде оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру үшін шаралар қабылдауы қажет. Дене тәрбиесі сабақтарында, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезінде жеке төзімділік пен дайындықтың ғылыми негізделген нормаларына сәйкес, зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтына ынталандыру арқылы жастардың дене белсенділігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; - тиімді тамақтану арқылы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартудың кешенді технологиясы жөнінде жоба әзірлеу; - әлемдік стандарттарға сәйкес зерттеулер жүргізу, білім алушылардың дене тәрбиесі проблемалары, бұқаралық спортты қоса алғанда, олардың сапасын арттырудың заманауи әдіснамасын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер көлемін ұлғайту; - ҚР БҒМ "Оқулық" РМҚК-да жариялауға ұсынылатын оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендер Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мамандарының, дене тәрбиесі мұғалімдерінің міндетті сараптамалық қорытындысынан өтуі; - білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында Денсаулық фестивальдерін өткізудің жаңа формаларын енгізу, өңірлерде балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтарының желісін кеңейту, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерін тапсырудың жалпы білім беретін мектептердегі рөлі мен маңыздылығын арттыру; - бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жалпы білім беретін мектепте "дене тәрбиесі" пәнін оқытуды жетілдіруге бағытталған оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды бірлесіп әзірлеу үшін халықаралық уақытша ғылыми топ құру; - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға ынталандыруды арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерімен кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру; - дене тәрбиесі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу кезінде қашықтан оқыту форматында дене тәрбиесі сабағын оқыту әдістемесіне, оны инновациялық ғылыми-әдістемелік материалмен толтыруға, секциялық сабақтар өткізу үшін атақты спортшылардың қатысуымен спорт түрлері бойынша бейне-контенттер жасауға ерекше назар аударылсын. - еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша дәрістер оқу, "дөңгелек үстелдер", семинарлар өткізу, дене тәрбиесі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын практикаға енгізу; - жалпы білім беретін мектептердің спорттық құрал-жабдықтармен қамтылуын 100% - ға дейін жеткізу; - оқушылар мен оқушы жастардың дене дамуы мен дене дайындығына жыл сайын мониторинг жүргізу.