ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

Пауэрлифтингтен республикалық онлайн жарыс өтіп жатыр



Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасындағы Х Жазғы Гимназияда бағдарламасы аясында пауэрлифтингтен республикалық онлайн жарыс өтіп жатыр. Жарысқа 9 аймақтан 100 оқушы қатысуда. Олар - Алматы, Шымкент қ., Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, ШҚО оқушылары. Спорттық шаралар балалардың дене тәрбиесі үшін аса маңызды. Өйткені денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді, епті болады, бұл - ақыл-ойың мен ерік-жігеріңді тәрбиелеудің озық үлгісі. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт болу үшін ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді, еңбекқор, тәртіп пен жауапкершілік, әділдік, адалдық сынды өмірлік дағдыларды бойына сіңірген тұлға болуы керек»,-деп атап өтті. Жарыста бақ сынап жатқан жас спортшылар жоғарыда аталған қасиеттерді бойына сіңіре алады деп сенеміз! Барлық жас өрендерге сәттілік тілейміз!