ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен педагог қызметкерлердің республикалық «Тамыз кеңесі» аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің «Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті» тақырыбындағы секциясы бойынша 13-14 тамыз 11:00-13:30 аралығында онлайн конференция өтеді. Онлайн конференцияның құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі - Шолпан Танатқызы Каринова; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі - Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы - Серік Жұманғалиұлы Сәпиев; Еуропалық олимпиада комитетінің вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы - Булатова Мария Михайловна; Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі; "ЮНЕСКО" Класстерлік бюросы директорының міндетін атқарушы - Мейіргүл Алпысбаева; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі, доктор - Кэролайн Кларинваль Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті, FISU Атқарушы комитетінің мүшесі - Закирянов Қайрат Қайроллаұлы; Халықаралық мектеп спорт федерациясының Президенті - Лоран Петринко; Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің бас хатшысы - Ерлан Мұратұлы Сүлейменов; "Street Workaut" халықаралық федерациясының президенті - Денис Минин; - білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, өңірлік дене шынықтыру және спорт орталықтарының директорлары; - дене шынықтыру мұғалімдері; - спорт түрлері бойынша 100-ден астам федерацияның өкілдері. Өтетін орны: «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы» Өткізілетін формат:ZOOM платформасында онлайн, фейсбук желісінде тікелей көрсетілім Қатысушылар саны:500 адам (ZOOM платформасында) 10.30-11.00 Жүйеге қосылу, тіркелу. 11.00 Секциялықжиынның ашылуы * Іс-тәжірибе ретінде конференцияға қатысушылар дене шынықтыру жаттығуын орындайды; * Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша бейнеролик көрсетіледі; * Шетелдік қонақтар мен Олимпиада чемпиондары ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды; * Үздік дене шынықтыру мұғалімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының тарапынан арнайы грамота және төсбелгілермен марапатталады; Қосымша ақпараттар бойынша ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз хатшысы Гүлжайна Мұхашеваға хабарласыңыз, тел.: 8-776-611-01-11