ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

Біліктілікті арттыру курсының қорытынды мәжілісі өтті



«Жаңартылған білім мазмұны аясында дене тәрбиесі пәні мұғалімінің құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының қорытынды мәжілісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастырған дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің құзіреттілігін дамыту мақсатындағы біліктілікті арттыру курсының алғашқы легіне қатысушылар ізденімпаз, жаңалыққа құмар ұстаздар деп есептейміз. Алғашқылардың қатарында білімін жетілдіріп, тегін өткізілген курста белсенді қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының мұғалімдерін ерекше атап өту қажет. Қатысушылар саны бойынша статистика: Нұр-Сұлтан – 51 Маңғыстау – 41 Шығыс Қазақстан – 38 Алматы облысы – 36 Алматы қаласы – 28 Қостанай – 27 Қарағанды – 25 Шымкент – 24 Батыс Қазақстан – 23 Ақмола – 22 Ақтөбе – 22 Павлодар – 21 Жамбыл – 20 Қызылорда – 20 Түркістан – 15 Атырау – 13 Солтүстік Қазақстан – 13 Курс бойынша 10 мемлекеттік тілде, 10 орыс тілінде топтар ұйымдастырылып, 500-ге жуық дене тәрбиесі мұғалімі білім-дағдысын шыңдады. Дене тәрбиесі саласында қызмет етіп жүрген 20 ғалым дәріс оқыды. Топтардың жұмысын жүйелеп, сіздерге уақытылы тіркеу, ұйымдастыру жұмыстары бойынша 17 тәлімгер еңбек етті. "Соңғы кезде білімнің сапасына айтарлықтай көңіл бөлініп жүр, мақсатымыз жай білім беру емес, сапалы білім беру екенін еске салып отыр. Ал білім сапасы дегеніміз – мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алуынан, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен іздеу керек. Кешегі дәріс барысында осы бағыттағы өзекті біршама тақырыптар жөнінде білімдеріңізді толықтырып, пайдалы болды деп ойлаймын. Сіздердің әр сабақтан соң айтылған бағалау сын-пікірлеріңізбен күнделікті танысып, анализ жасап отырдық",- деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Т.Есентаев . Мемлекет басшысы биылғы жолдауында: «Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр» деген еді. Расымен жарқын болашақ үшін ұстаздың маңызы мен рөлі айрықша. Биылдан бастап ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ғылыми басылымдар тізбесіне кіретін журналдарға қойылатын талаптар да өзгертілмек. Осыған байланысты қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс басталды. Мәселен, 2 рет сырттай рецензиялау, нақты редакциялау саясаты, журналдың тақырыптық бағытына қабылданатын мақалалардың сәйкестігі, шетелдік мамандардың рецензиялары, біреуден алып пайдалануды тексеру, барлық жарияланым процесінің ашықтығы, мықты редакция алқасы және т.с.с. Міне осы секілді ғылым-білім-тәрбие саласындағы өзгерістер, даму процесінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қалыс қалмай, бел ортасында білек сыбанып алдағы уақытта Орталықтың қолдауымен кірісетін болады. Ұстаздар - айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісі, Өскелең ұрпақтың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетін дамытады. Рухани жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Бұл тұста дене тәрбиесінің маңыздылығын ұстаздар жақсы түсінеді. Өйткені денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді, епті болады, бұл - ақыл-ойың мен ерік-жігеріңді тәрбиелеудің озық үлгісі.