ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

2021 ЖЫЛЫ 21-31ҚАҢТАРДА ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ЛЮЦЕРН ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН XXX ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫ БОЙЫНША



Күн тәртібінде ҚР Ұлттық студенттік спорт одағының қызметі және олармен Дүниежүзілік Универсиадаға қатысу, өткізу және ұйымдастыру жөнінде келісім жасау; Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Дүниежүзілік Универсиадаға қатысуға дайындық жұмыстарындағы міндеттері; Спорт түрлері бойынша федерациялардың (бас жаттықтырушылардың) міндеттері; Қатысушылардың тізімін қалыптастыру; Киім-кешектерді жабдықтау мәселелері талқыланды. Жиналысқа Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының Бас хатшысы Жаснұр Ақеділов Толағайұлы, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының Бас директоры Гүлбарам Құлахметова Амантайқызы, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Қысқы спорт түрлері бойынша басқармасының басшысы Айжан Есентаева, ҚР ҰОК спорт дирекциясыны4 директоры Қанағатов Ильсияр Баймұхамедұлы, ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Құтжанұлы Есентаев, ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің басшысы Әсел Джуванышева, ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» спорттық іс-шараларды өткізу бөлімінің аға кеңесшісі Аманғали Мұзапаров Маратұлы және қысқы спорт түрлері бойынша федерациялардың бас жаттықтырушылары қатысты. «XXX қысқы Универсиада ойындарына Қазақстан Республикасынан 120 спортшы, 10 спорт түрінен: биатлон, хоккей, фристайл, шорт-трек, сноуборд, керлинг, мәнерлеп сырғанау, шаңғы, тау шаңғы спорты, спорттық бағдарлау бойынша қатысады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Халықаралық студенттік спорт федерациясына қатысу жарнасы төленген. Осыған дейінгі тәжірибелерді ескере отырып, командалық спорт түрі болғандықтан хоккей спортынан қатысушылар туралы мәліметтер алдын-ала нақтыланып берілсе екен. Команда құрамы өзгерген жағдайда аккредитация мәселесінде қиындықтар болып, қатысушы үшін төленетін жарна 3 есеге артады»,-деді Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының Бас директоры Гүлбарам Амантайқызы. «Дүниежүзілік Универсиадаға елімізден спортшыларды қатыстыру, олардың жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, үздік көрсеткіш көрсетуі - бәрімізге ортақ іс. Сол үшін біз бәріміз бұл іске жұмылып, қажетті шараларды дер кезінде қабылдауымыз керек. Қатысушылардың тізімін қалыптастыру мәселесі де өте маңызды, себебі бұл бюджеттік мәселе тудыруы ықтимал. Егер қатысушылар үшін артық үстеме жарна төлеу қажет болса, ол қаржыны Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағы жауапкершілігіне алуы тиіс немесе алдын ала аккредитациялау мәселесін түбегейлі шешкені жөн»,-деді жиналыс модераторы, ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Құтжанұлы. Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының Бас хатшысы Жаснұр Толағайұлы ешқандай мәселе туындамайтынын айтты. Жеке-жеке сөз алған қысқы спорт түрлері бойынша федерациялардың бас жаттықтырушылары да үміт артып отырған спортшылармен таныстырып, әлемде орын алып жатқан пандемия індетіне байланысты жарияланған карантинге қарамастан, дайындықтар жүргізіліп жатқанын, алдағы уақытта жаттығу жұмыстары күшейтілетінін жеткізді. Жиналыстың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік Универсиадаға қатысуға дайындық жұмыстарындағы кез келген мәселені уақыт жоғалтпай өзара хабардар ету, тиісті іс-шаралар қабылдану тапсырылды.