ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ"

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Нұр-Сұлтан қ., Майлин көшесі, vip қалашық, 3 ғимарат
+7 (7172) 73-48-10
nnpcfk2020@yandex.kz

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ. ДИСТАНЦИОННОЕ ОБУЧЕНИЕ-ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ.



ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша дене шынықтыру пәнінен әдістемелік ұсынымдаманы талқылау мақсатында онлайн жиналыс өткізді. Жиналысқа ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалова, Ұлттық білім академиясының өкілі Сәнсия Көптілеуова және аймақтық дене тәрбиесі орталықтарының басшылары, әдіскерлері, еліміздің барлық өңірлерінен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты. Онлайн жиналысқа қатысушы дене шынықтыру мұғалімдеріне Ғылыми-әдістемелік, дәрігерлік-биологиялық қамтамасыз ету, дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін көтеру зертханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Тұяқбаева Меруерт Шекейқызы әдістемелік ұсынымдаманы таныстырды. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мамандары шетелдік тәжірибелерді зерделей келе, Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемдік білім беру саласы бетпе-бет келген мәселеде жан-жақты тұжырымдар мен зерттеулерді қарастырып, соның негізінде еліміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне, олардың мектептегі спорттық үйірмелердің жұмысын жүргізу ісіне арнайы ұсынымдама әзірлеп отыр. Аталмыш құжат ұстаздар арасында толығымен талқыланып, Білім және ғылым министрлігіне бекітуге ұсынылады. Еске салайық, ұстаздарға әдістемелік көмек жасау мақсатында әзірленіп отырған ұсынымдаманың сапалы әрі жан-жақты түйіткілді мәселелердің шешім табуына мүмкіндік беруі үшін осыған дейін де аймақтық дене тәрбиесі орталықтарының әдіскерлері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен онлайн конференция арқылы талқылаған болатын. Бүгінгі 4-мәрте ұйымдастырылған жиында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Қосымша дене тәрбиесі бойынша білім беру саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Дене шынықтыру пәнін қашықтан оқыту мәселесі әдістемелік ұсынымдамамен шектелмейді, уақыт талабына сай ұстаздардың кәсіби шеберліктері мен тәжірибелері арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. «Национальный научно-практический центр физической культуры» МОН РК провел онлайн-совещание с целью обсуждения методической рекомендации по организации дистанционного обучения, ставшей актуальной проблемой сегодняшнего дня. В совещании приняли участие главный эксперт комитета дошкольного и среднего образования МОН РК Актоты Кемалова, представитель Национальной академии образования Сансия Хантореевна и руководители, методисты региональных центров физической культуры, учителя физической культуры со всех регионов страны. Руководитель лаборатории по научно-методическому, врачебно-биологическому обеспечению, повышению квалификации учителей физической культуры, кандидат педагогических наук Туякбаева Меруерт Шекеевна ознакомила участников онлайн-совещании с методическими рекомендациями по дистанционному обучению физической культуры. Специалисты Национального научно-практического центра физической культуры, изучая зарубежный опыт, рассматривают исследования по дистанционному обучению не только Казахстана, а также всего мира. Разрабатываются специальные рекомендации для учителей физической культуры в проведении школьных занятий и спортивных кружков. Данные рекомендации обсуждаются среди преподавателей и представляются на утверждение Министерства образования и науки РК. Напомним, что разработанная рекомендация в целях оказания методического пособия педагогам до этого обсуждалась с методистами региональных центров и учителями физической культуры. На сегодняшнем 4-ом совещании педагоги получили ответы на важные вопросы и были представлены дополнительные предложения по физическому воспитанию. В основе дистанционного обучения рекомендации не ограничиваются требованиями методических работ по физической культуры, а также вводятся изменения в ход работы профессиональных навыков и опыте педагогов.