Министерство образования и науки Республики Казахстан

РГКП «Национальный научно-практический центр
физической культуры»

Универсиады

Спартакиады

Новости центра

Страницы: 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6

СТРИТБОЛ ЖАРЫСЫНДА АЛМАТЫЛЫҚТАР АЛДА БОЛДЫ

Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің спорт кешенінде жоғары оқу орындары студенттері арасында әйелдерден стритбол жарысы аяқталды. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген еді. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Г.Т.Алдамбергенова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл сында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  спортшылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті алды.  Үшінші орынға М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы нәзік жанды спортшылары көтерілді. Жарыс ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы келісімімен ұйымдастырылды.


 

СТРИТБОЛ ЖАРЫСЫНДА АЛМАТЫЛЫҚТАР АЛДА БОЛДЫ

Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің спорт кешенінде жоғары оқу орындары студенттері арасында әйелдерден стритбол жарысы аяқталды.

11.12.2017

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ – НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ

Марапаттауларды Қазақ спорт журналистикасының дарабозы Н.Жүнісбаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Бас директоры С.Мұстафаев, Олимпиада чемпионы Е.Ибраимов, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Н.Қызайбай, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы А.Әшімов және өнер жұлдыздары жүргізді.

Марапатталғандардың арасында үздік облыс басқармасы, үздік спортшы мен бапкер, үздік федерациялар және басқа да қазақ спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар болды.

«Жылдың үздік бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырушысы-2017» номинациясы бойынша ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (директоры С.Мұстафаев) жеңімпаз атанды.

Қ.Достанов


 

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ – НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ

Алматы қаласы Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен  республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Жыл үздіктері-2017» номинациясының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жиынды Қазақ Спорт және Туризм академиясының проректоры М.Есқалиев құттықтау сөзімен ашты.

11.12.2017

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЗУ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы бассейнде мектеп оқушылары арасында (ұлдар мен қыздар) «Олимпиадалық үміт» атты республикалық жарыс басталды. Оған еліміздегі мектептерден 7 команда сапында 150 жасөспірім өз күштерін сынауда.

Жарыстың салтанатты ашылуына ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Бас директоры С.Ш.Мұстафаев қатысып, жасөспірім спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.


 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЗУ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы бассейнде мектеп оқушылары арасында (ұлдар мен қыздар) «Олимпиадалық үміт» атты республикалық жарыс басталды. Оған еліміздегі мектептерден 7 команда сапында 150 жасөспірім өз күштерін сынауда.

11.12.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ IX-ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірігіп EXPO-2017 халықаралық көрмесіне арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IX-жазғы Универсиадасының жабылу салтанатын өткізді.

Жабылу салтанатына Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Бас директоры, «ҚР Құрметті спорт қайраткері» С.Ш.Мұстафаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.М.Баймырзаев, Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты профессор М.Есқалиев және Қазақстан Республикасы студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Ж.Т.Акедиловтар қатысты.

Әлем чемпионы, велошабандоз М.Қ.Сатыбалдиев, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Р.А.Хамитов, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облысының дзюдо күресінен бас жаттықтырушысы С.Т.Чарапиев, Атланта Олимпиаданың қола жүлдегелі М.С.Мамыров, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегелі Н.М.Теңізбаев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматы облысының ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы О.Е.Эм, Алматы облысы ішкістер департаменті «Динамо» спорт кешенінің директоры А.Т.Қасеновтер қатысты.

Спорт және дене шынықтыру –  мемлекетіміздегі мәні зор әлеуметтік сала. Сондықтан да, Елбасы Н.Назарбаев дені сау, ойы сергек ұлт қана әлемдік бәсекеге қабілетті болатының жан-тәнімен сезінгендіктен бұл салаға жете мән беріп келеді.

Жабылу салтанатында алғашқы сөзді Жетісу өңірінде жастарды оқып, білім алуға ғылым мен спортты ұштастырып, студенттер арасында бұқаралық спорттың кең кұлаш жаюнына ерен еңбегін паш етіп жүрген, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.М.Баймырзаевқа берілді. Ректор өз сөзінде жиналған қауымды ҚР IX-жазғы Универсиадасының жабылу салтанатына қатысқандары мен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы уақытта бұданда жоғары деңгейде болуларына зор тілегін жеткізді.

Бұдан кейін құттықтау сөз кезегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Бас директоры, «ҚР Құрметті спорт қайраткері» С.Ш.Мұстафаевқа берілді. Ол өз сөзінде IX-жазғы Универсиадасына қатысқан жоғары оқу орындарының ректорларына ризашылығынды білдіріп, рахметін айтты. Келесі сөз кезегінде Орталықтың Бас директоры Универсиада жарыстарында ұйымдастыру алқасының жүргізілуімен өткізілген жарыстарда күш-қуатын аянбай еңбек еткен ұйымдастырушылармен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған оқытушылар мен жаттықтырушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтың грамотасымен марапаттады және IX-жазғы Универсиада жарысында жалпы командалық есепте 1-6 орын алған командаларды марапаттау рәсімін өткізді.

Жалпы командалық есеп:
VI-орын алған Гумилев атындағы Еуразиялық ұлтттық университетінің командасы;
V-орын алған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы;
IV-орын алған Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің командасы;
III-орын алған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командасы;
II-орын алған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің командасы;
I-орын алған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің командасы.

Қазақ мемлекеттік қыздар университеті «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы марапатқа ие болды.Аталған жеңімпаз командаларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі грамотасы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Кубогі мен естелік медалі және гүл шоғымен марапатталды.

Жеңімпаз командаларға және қатысушыларға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттық бағдарлама жүргізілді (Бишілер,әншілер тобы).
М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінің өкілі кезекті Универсиаданы өткізу жоспарын паш етті. Республикасының студенттік спорт федерациясының туын тапсыруға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің өнер және дене шынықтыру факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Қ.Утегенов М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінің өкіліне Универсиада туын табыстады.
2018 жылғы VII-қысқы Универсиада жарысы спорттың 12 түрінен С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорт кешендерінде өткізіледі. Осы университеттің өкілі VII-қысқы Универсиада болатын спорт кешендері мен таныстыру рәсімін өткізді.

Универсиада жабылу салтанаты үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ IX-ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірігіп EXPO-2017 халықаралық көрмесіне арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IX-жазғы Универсиадасының жабылу салтанатын өткізді.

11.12.2017

"ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ" АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Конференция 30 қараша күні сағат 10.00-де өз жұмысын бастады. Конференция жұмысына 22 жоғары оқу орындарынан 80-ге жуық оқытушы профессорлар, ғалымдар қатысты.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Бас директоры С.Ш.Мұстафаев қатысып, былай деді: - «... Бұл конференцианы ашып, сіздермен жүздесу мен үшін үлкен құрмет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Дамыған мемлекеттік жаңа саяси жолы» атты Жолдауында Елбасы: «... дене тәрбиесі мен спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы тиіс. Салуатты өмір салты әрқашан ұлт денсаулығының кілті болып табылады», деп атап көрсеткен еді.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта білім ордаларында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған. Осы бағытта жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру, спорт және спорттық дайындық жүйесі көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті біріге отырып осы салада еңбек етіп жүрген жас ғалымдардардың басын қосып конференция өткізуді мақсат етті...»

Одан кейін Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректоры, профессор М.Есқалиев, конференция жұмысының модераторы болып І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетінің профессоры Е.К.Утегеновтер қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ конференцияның пленарлық отырсында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Ғ.Б. Мадиева баяндама жасап, өз сөзінде негізгі баяндамасының тақырыбы: ЖОО-да дене тәрбиесі жұмысының негізгі мәселелері университеттің жұмыстарына жан-жақтылы тоқталып, атқарған жұмыстары туралы айтты. Қостанай мемлекеттік техникалық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Д.А.Танабаев өз баяндамасын А.Байтұрсынов атындағы «Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерінің қалауы бойынша дене шынықтыру сабағы оқу жүйесіне енгізу» туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде университеттің атқарған жұмысы туралы толықтай баяндап берді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры А.И.Арешенко «Университеттегі жұмыстарға тоқтала келе, алдымыздағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Бұдан кейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеті өнер және спорт факультетінің деканы, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Қ.Утегенов «Жоғары оқу орындарындағы спорттық – бұқаралық жұмыстың ұйымдастыру мәселесіне» толықтай баяндама жасады. Ол өз баяндамасына университет ішіндегі және басқа да спорт жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Бұдан кейін жарыссөзге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атынан педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К.Сейсенбаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы атынан педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш.Тұяқбаева сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныстарын айтты.

Сол күні түстен кейін мына тақырыптар бойынша секциялық жұмыстар өткізілді: 1-секция бойынша "Қазақстан студенттік спортының көкейтесті мәселелері" бойынша баяндамалар жасалды. Модератор: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеті атынан доцент Б.Бителеуов. 2-секция бойынша "Жоғары оқу орындарында  спорт және спорттық дайындық жүйесі тақырынба баяндама жасалды. Модератор: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеті атынан доцент Г.Ғалиева. 3-секция бойынша "Дене шынықтыру және  жоғары спорттағы жетістіктер инновациясы", 4-секция бойынша "Дене шынықтыру және жастардың денсаулығы" тақырыбында баяндамалар жасалды.

Конференция жұмысының пленарлық мәжілісі және секция отырысы біткеннен кейін қатысушылардың барлығы ҚР IX-жазғы Универсиада жарыстарының жабылу салтанатына қатысты.

Қ.Достанов


 

"ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ" АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірігіп Талдықорған қаласында "Заманауи әлемдегі жастардың дене тәрбиесі" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

05.12.2017

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАРЫСЫ

Оған ұлдар мен қыздар арасында еліміздегі мектептерден 12 команда қатысып, республикалық жарыстың медальдарын сарапқа салды. Ұлдар арасында оңтүстікқазақстандық жасөспірімдер республикалық жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орында- Алматы қаласының ауыр атлеттері. Жүлделі үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы-2 командасы иеленді. Қыздар арасында да оңтүстікқазақстандықтар жарыс чемпионы атанды. Екінші орынды Алматы қаласының ауыр атлеттері иеленді. Үшінші орынға Шымкент көпсалалы колледжі командасы көтерілді.

Марапаттауларды Оңтүстік Қазақстан «Жастар нұры» қоғамдық ұйымының басшысы Б.М.Шалбаев және жарыстың бас хатшысы С.В.Ню жүргізді.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырды.

Қ.Достанов


 

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАРЫСЫ

Шымкент қаласында ауыр атлетикадан мектеп және колледж оқушылары арасында республикалық жарыс аяқталды.

05.12.2017

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы 13-23 қараша аралығында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша Алматы қаласында жоғары оқу орындары дене шынықтыру кафедрасының оқытушыларымен республикалық біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсқа Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Тараз қалаларынан және Алматы облысының жоғары оқу орындары дене тәрбиесі оқытушылары қатысты. Біліктілікті арттыру курсы «Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында өткізіліп, тыңдаушыларға 72 сағат көлемінде сертификат тапсырылды.

Қ.Достанов


 

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы 13-23 қараша аралығында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша Алматы қаласында жоғары оқу орындары дене шынықтыру кафедрасының оқытушыларымен республикалық біліктілікті арттыру курсын өткізді.

05.12.2017
Страницы 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6

КАЗАХСТАН-2050

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК НАРОДУ КАЗАХСТАНА

МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК САГАДИЕВ ЕРЛАН КЕНЖЕГАЛИЕВИЧ

ВИДЕО АРХИВ