Министерство образования и науки Республики Казахстан

РГКП «Национальный научно-практический центр
физической культуры»

Универсиады

Спартакиады

Новости центра

ТҮРКІСТАНДА IX-ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА АЯСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы IX-жазғы Универсиада бағдарламасы бойынша бірқатар университеттерде спорттық сайыстың 31 түрін қамтитын ойын түрлері басталды. Оған қазақ күресі, кикбоксинг, жеңіл атлетика, жүзу, бадминтон, баскетбол, президенттік көпсайыс, еркін күрес, грек-рим күресі, бильярд спорты, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, каратэ-до, жағажай волейболы мен футболы, армрестлинг, ауыр атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, футбол, семсерлесу, шахмат, регби, самбо, садақ ату, спорттық бағдарлау, оқ ату, таэквондо, теннис спорт ойындарын кіреді.

Осы шара аясында Түркістан қаласында Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде ЖОО арасындағы волейболдан ерлер арасындағы IX жазғы универсиада өтті. Оған 7 команда құрамында 78 волейболшылар қатысты.

Универсиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырды.

Жарыстың ашылу салтанатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры С.Мұстафаев: «Дәстүрлі IX жазғы универсиада ойындары Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басталып отыр. Осындай дүбірлі доданы ұйымдастыруға атсалысып отырған университет ұжымына алғысым шексіз. Жарысқа қатушы командаларға сәттілік тілеймін» деген игі тілегін жолдады. Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенттері Н.Ажиханов пен М.Эрен мырзаларда сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жастар арасында спорт жүйесін дамыту және насихаттау салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырған спорттық жарыстардың берері көп. Әлемдік универсиада мен олимпиадалық ойындарда өнер көрсететін спортшыларды іріктеу осындай жарыстардан бастау алары анық.

Спорт додасында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының командалары бақ сынады.

Аса тартысты өткен жарыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері универсиада чемпионы атанды. Екінші орынды Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті студенттері иеленсе, жүлделі үшінші орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің волейболшылары алды. Командалар кубок және медальдармен марапатталды.

11.10.2017

КАЗАХСТАН-2050

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК НАРОДУ КАЗАХСТАНА

МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК САГАДИЕВ ЕРЛАН КЕНЖЕГАЛИЕВИЧ

ВИДЕО АРХИВ