Министерство образования и науки Республики Казахстан

РГКП «Национальный научно-практический центр
физической культуры»

Универсиады

Спартакиады

Новости центра

ТАРАЗДА КАРАТЭ-ДОДАН IX-ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті спорт кешенінде каратэ-додан IX-жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Ерлер мен қыздар арасында кумитэ және ката бағдарламалары бойынша 12 жиынтық медаль сарапқа салынды. Жарысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырды.

Тартысты өткен жарыста ерлер арасында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері Универсиада чемпионы атанды. Екінші орынды да Тараз инновациялық гуманитарлық университеті иеленді. Жүлделі үшінші орынды Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері еншіледі. Ал, қыздар арасындағы командалық жарыста да М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің нәзік жанды студенттері жеңістің жоғары сатысына көтерілсе, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты спортшылары алды. Үшінші орынға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері көтерілді.

Марапаттауларды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры М.Н.Сарыбеков, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы оқу-спорт жұмыстары зертханасының бас жаттықтырушысы М.Ж.Ашкеев,  Жамбыл облысының әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» директоры Б.С.Қайыпчаев, Жамбыл облысы каратэ-до федерациясының президенті М.Т.Стамқұлов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының профессоры, каратэ-додан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы М.Т.Темірханов, Жамбыл облысының каратэ-додан аға жаттықтырушы Д.С.Құсбеков жүргізді.

Командалар дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.


 

11.10.2017

КАЗАХСТАН-2050

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК НАРОДУ КАЗАХСТАНА

МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК САГАДИЕВ ЕРЛАН КЕНЖЕГАЛИЕВИЧ

ВИДЕО АРХИВ