Министерство образования и науки Республики Казахстан

РГКП «Национальный научно-практический центр
физической культуры»

Универсиады

Спартакиады

Новости центра

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жеңіл атлетикадан IX-жазғы Универсиада аяқталды. Елімізден жарысқа 10 жоғарғы оқу орыннан командалар қатысып, Универсиада жүлдесін сарапқа салды. Жарысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырды.

Аса тартысты өткен жеңіл атлетика жарысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жеңіл атлеттері жеңімпаз атанды. Екінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттері алды. Жүлделі үшінші орында-М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты спортшылары.

Марапаттауларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Бас директоры С.Ш.Мұстафаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедра меңгерушісі Ю.А.Тайыров және Оңтүстік Қазақстан «Жастар нұры» қоғамдық ұйымының басшысы Б.М.Шалбаевтар жүргізді.

Командалар Универсиада кубогімен және медальдармен марапатталды.

11.10.2017

КАЗАХСТАН-2050

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК НАРОДУ КАЗАХСТАНА

МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК САГАДИЕВ ЕРЛАН КЕНЖЕГАЛИЕВИЧ

ВИДЕО АРХИВ