Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы аясында Алматы қаласында 12-15 шілде аралығында президенттік көпсайыс өткізілді.
«Алматы Арена» спорт кешенінде, «Отан» тир-спорт клубында, Туризм және спорт академиясының бассейнінде Гимназиада қатысушылары жеке және командалық форматта снаряд лақтыру (150/300/500 гр), спринт (60/100 м), оқ ату (10 м), жүзу (50/100 м), төзімділікке жүгіру (500/1000/2000 м) спорт түрлері бойынша техникалық тұрғыда жоғары дайындықтарын көрсетті.
