8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

🎯 Жылдың ең қызықты жарысы осында!

🎯 Жылдың ең қызықты жарысы осында!
Үш күн ішінде табиғат аясында өткізілген бірнеше шақырым қашықтықты еңсеру, арқандармен жұмыс жасау шеберлігі, батыл әрі қайсар мінезді оқушылар және ұмытылмас жағымды эмоциялар, қатысушылар мен жанкүйерлердің есінде қалатын спорттық туризм жарысы өз мәресіне жетті.
Жарыс 2024 жылғы 3 маусым мен 7 маусым аралығында өтті және Қазақстан оқушыларының XII жазғы Гимназиада бағдарламасына енгізілді.
Биылғы жарысқа республиканың 5 облысынан 5 команда қатысты.
Жарыс шарты бойынша командалар үш қашықтықта: «техникалық», «құтқару», «кросс-жорық» бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:
І орын – Жетісу облысы;
ІІ орын – Қостанай облысы;
ІІІ орын – Солтүстік Қазақстан облысы.
Барлық қатысушыларға қатысқандары, әділ күрескендері және спорттық туризмге қызығушылықтары үшін алғысымызды білдіреміз.
РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.