Онлайн конференция 02.09.2022
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын!
2022-2023 оқу жылынан бастап күнтізбелік-тақырыптық жоспарда 108 сағат беріліп отыр, бірақ бұл 6 жаңа тақырып қосу дегенді білдірмейді. Яғни, оқу бағдарламасы өзгеріссіз 102 сағат болып қала береді, ал қосымша 6 сағатты қайталау және белгілі бір тақырыпты тереңдетіп оқыту мақсатында қолдана аласыздар.
Бұл қосымша 6 сағатты қайда қоямыз?
Күнтізбелік жоспарға қарағанда, әр тоқсанда қанша сағат саны берілгенін қарайтын болсақ, II және IV тоқсандарда сағат саны қосылғанын көруге болады.
II тоқсанда бағдарлама бойынша 5-9 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытылады, яғни бұл тоқсанда ұлттық ойындар мен гимнастика өткізіледі. Қосымша берілген 3 сағатты тақырыпты бекіту мақсатында гимнастикаға немесе ұлттық ойындарға қоя аласыз.
IV тоқсанда спорттық ойындар мен жеңіл атлетика, сол сияқты қосымша берілген сағатты бөлуге немесе спорттық ойындар және жеңіл атлетиканың бір бөліміне қоюға болады.
10-11 сыныптарда берілген қосымша 6 сағат вариатив бөліміне берілген, яғни оқу жылында 24 сағат (18+6) вариатив бөліміне беріліп отыр. Бағдарламада вариатив бөлімі спорттық ойындарды (футбол, волейбол, баскетбол, ұлттық ойындар) тереңдетіп оқыту мақсатында берілген.
Осыған сәйкес берілген сағат санын осы бөлімдерге қосуға болады.
Ұлттық Ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы сайтында мұғалімдерге көмек ретінде күнтізбелік жоспар және әдістемелік нұсқаулар жарияланады.