8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында Орталықтың комплаенс-офицері Б.Ж. Дәулетбаева қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі құжаттарды қолдану кезінде назар аударылуы тиіс маңызды мәселелерді түсіндірді. Ол құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір мәселені нақты құқықтық реттеудің болмауы — сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда: лауазымды тұлғаның құзыретін нақтылайтын ережелердің болмауы, әкімшілік рәсімдерді реттейтін процестік тәртіптің белгіленбеуі, талаптардың орындалмауына қатысты жауапкершілік ережелерінің жоқтығы — бұл өкілеттіктерді өз қалауынша пайдалануға жол ашып, жемқорлықтың алғышартын тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ Персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Д.И. Кенжегаринова құқықтық актілер мен ішкі құжаттар арасындағы қайшылықтар туралы айтып, егер ондай жағдайлар орын алса, оны уақтылы басшылыққа хабарлап, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттігін түсіндірді.

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ

 

        ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2025 жылғы 30 маусымда   сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтетіндігін хабарлайды.

        Талқылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

        1) құрылымдық бөлімдер қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

        2) ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

        Осыған байланысты, тілек білдірушілер осы талқылауға 2025 жылғы 30 маусымда сағат 09:00-де Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6 үй, кеңсе 9 қабат мекенжайы бойынша қатыса алады.

 

ҚР ОАМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы биыл Германияның Рейн-Рур қаласында өтетін XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың сапарын ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіретін болады.
16–27 шілде аралығында өтетін байрақты бәсекеге еліміздің атынан 73 студент-спортшы қатысады. Олар 12 спорт түрінен бақ сынайды: көркем және спорттық гимнастика, семсерлесу, дзюдо, таэквондо, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, бадминтон, үлкен теннис, оқ ату және ескек есу.
Алда үлкен жұмыс тұр. Бірақ мақсат айқын – ел намысын абыроймен қорғау.

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

2025 жылғы 9 маусым мен 8 шілдені қоса алғанда ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК (бұдан әрі-Орталық)  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды анықтау мақсатында, қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі болып ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК табылады.

           Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

           1) құрылымдық бөлімдер қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

           2) ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

           Талданатын кезеңі: 2024 жылғы 3 қаңтар-31  желтоқсан.

           Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6 мекен-жайында, Арман іскерлік орталығының ғимаратында орналасқан ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымына келуге, E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар 8 777 869 73 27 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

           Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар