8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

2025 жылғы 9 маусым мен 8 шілдені қоса алғанда ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК (бұдан әрі-Орталық)  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды анықтау мақсатында, қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі болып ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК табылады.

           Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

           1) құрылымдық бөлімдер қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

           2) ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

           Талданатын кезеңі: 2024 жылғы 3 қаңтар-31  желтоқсан.

           Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6 мекен-жайында, Арман іскерлік орталығының ғимаратында орналасқан ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымына келуге, E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар 8 777 869 73 27 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

           Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар