СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

«Балалар мен жасөспірімдердің физикалық денсаулығының мониторингі: ұлттық өлшем құралдарын модификациялау» жобасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бірлесіп «Балалар мен жасөспірімдердің физикалық денсаулығының мониторингі: ұлттық өлшем құралдарын модификациялау» ИРН 19644800 жобасын гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асыруда.

Жоба аясында 16 қазаннан бастап 9-17 жас аралығындағы мектеп жасындағы балалардың физикалық дамуын, физикалық және функционалдық дайындығын зерттеу басталды.

Алғашқы зерттеулер Тараз қаласы мен Жамбыл облысында жүргізілуде. Жобаның мақсаты – мектеп жасындағы балалардың физикалық денсаулығына байланысты тестілер әзірлеу.

      

2023 жылғы 22-28 қазан аралығында мектеп жасындағы балалардың физикалық дамуы мен физикалық дайындығына зерттеу жүргізілді.

Зерттеуді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері және Солтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру, спорт және бастапқы әскери даярлық жөніндегі өңірлік оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жүргізді.

Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде жүзеге асырылды (2023 жылғы 3 тамыздағы «Балалар мен жасөспірімдердің физикалық денсаулығының мониторингі: ұлттық өлшеу құралдарын модификациялау»           № АР 19677800  грант).

Зерттеуге Петропавл қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектептің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Қызылжар аудандық білім бөлімінің Совхоз орта мектебінің 4-11 (барлығы 288) сынып оқушылары қатысты.

Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында оқитын балалар мен жасөспірімдердің физикалық денсаулығын бағалау үшін тестілерді әзірлеу кезінде өңделеді және пайдаланылады.

Солтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру, спорт және бастапқы әскери дайындық жөніндегі өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Бақытжанұлы Сәдуақасқа, орталықтың әдіскері – Самат Бауыржанұлы Даиршинге, Петропавл қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп директоры Сәуле Нұрғалиқызы Тұрсыноваға, Совхоз орта мектебінің директоры Батима Жаксембекқызы Бейсембаеваға, дене шынықтыру мұғалімдеріне және мектептердің медицина қызметкерлеріне зерттеу жүргізуге көмектескені үшін зор алғысымызды білдіреміз.

      

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.