СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

Біз туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

19 мамыр 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 766 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің  «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы қаулысымен құрылды.
03.04.2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 130 бұйрығымен Ұлттық орталықты Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жүргізілді.

Орталық қызметінің мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балалар, оқушы және студент жастар арасында дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми және практикалық қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпорын Жарғысына сәйкес Ұлттық орталық қызметінің негізгі мәні болып мыналар танылады:

1

қатысу

балалар мен жастардың дене тәрбиесін ғылыми және оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге, мақсатты кешенді бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
2

қатысу

спорт түрлері бойынша спорттық ізбасарларды даярлауға және жасөспірімдер мен студенттердің құрама командаларын жасақтауға қатысу;
3

көрсету

спорт түрлері бойынша республика құрама командасының мүшелеріне педагогикалық, психологиялық және дәрігерлік – биологиялық көмек көрсету;
4

қатысу

дене тәрбиесі жөніндегі педагог кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге қатысу.

Жарғыға сәйкес қызмет түрлері

Орталық келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

балалар мен жастардың дене тәрбиесі саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулер бойынша ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу

кешенді ғылыми топтардың жұмысына қатысу;

болжамдау және ақпараттық талдау жұмысы;

балалар мен жастардың дене тәрбиесі саласында ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру және қатысу;

балалар мен жастардың дене тәрбиесі бойынша мақсатты кешенді бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

дене тәрбиесі саласындағы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуге және енгізуге қатысу;

балалар мен жастардың дене тәрбиесі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, әдістемелік нұсқаулық материалдарды әзірлеуге қатысу;

спорт түрлері бойынша республиканың жасөспірімдер мен студенттер құрама командаларын жасақтау бойынша жұмысқа қатысу;

спорт түрлері бойынша жасөспірімдер мен студенттер құрама командаларының спортшы-мүшелерінің оқу-жаттығу процесі мен денсаулығына әдістемелік, психологиялық және медициналық-биологиялық бақылауды қамтамасыз ететін арнайы оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қатысу;

мектеп оқушылары мен студент жастар арасында республикалық, (Спартакиадалар, Универсиадалар, турнирлер) оның ішінде кешенді спорттық жарыстарды дайындауға және өткізуге қатысу;

спорт түрлері бойынша республиканың студенттер құрама командаларының жазғы және қысқы Дүниежүзілік Универсиадаларға, басқа да халықаралық спорт жарыстарына дайындығы мен қатысуы бойынша іс шараларды жүзеге асыру және жұмыстар жүргізу;

спорт түрлері бойынша республиканың құрама командаларының спортшы-мүшелеріне педагогикалық, психологиялық және медициналық-биологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізу, сондай – ақ оларды зерттеу мен оңалтудың дәстүрлі әдістерін жүзеге асыру;

дене тәрбиесі бойынша педагогикалық кадрлардың үздік отандық және шетелдік жұмыс тәжірибелерін талдау, жинақтау және енгізу, басқа ұйымдармен, кәсіпорындармен, оның ішінде шет елдік ұйымдармен өзара тиімді іскерлік байланыстар орнату;

өңірлік және халықаралық семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

оқу-әдістемелік әдебиеттерді, «Дене тәрбиесінің жаршысы» - «Вестник физической культуры» ғылыми-практикалық журналын әзірлеу және басып шығару;

дене тәрбиесі бойынша педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасында да, оның аумағынан тыс жерлерде де мамандарды тағылымдамадан өткізуді қоса алғанда, жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.