Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: қызметкерлерге түсіндіру жұмысы
- Қаралды: 40
2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында Орталықтың комплаенс-офицері Б.Ж. Дәулетбаева қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі құжаттарды қолдану кезінде назар аударылуы тиіс маңызды мәселелерді түсіндірді. Ол құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір мәселені нақты құқықтық реттеудің болмауы — сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда: лауазымды тұлғаның құзыретін нақтылайтын ережелердің болмауы, әкімшілік рәсімдерді реттейтін процестік тәртіптің белгіленбеуі, талаптардың орындалмауына қатысты жауапкершілік ережелерінің жоқтығы — бұл өкілеттіктерді өз қалауынша пайдалануға жол ашып, жемқорлықтың алғышартын тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ Персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Д.И. Кенжегаринова құқықтық актілер мен ішкі құжаттар арасындағы қайшылықтар туралы айтып, егер ондай жағдайлар орын алса, оны уақтылы басшылыққа хабарлап, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттігін түсіндірді.