8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектептерде тұрақты дене шынықтыру жаттығулары өткізіле бастады. Жобаның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс тапшылығының алдын алу және салауатты өмір салтына бейім тұрақты әдет қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

2025 жылғы 22 тамызда Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленген Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары түсіндірілді.

Қызметкерлерге өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде кез келген сыйлықтарды, іссапарларға шақыруларды, қонақжайлылықты қабылдау пара ретінде бағалануы мүмкін екені және мұндай жағдайлардан аулақ болу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының типтік жағдайлары мен оларды болдырмау жолдары кеңінен талқыланды.

Семинар соңында барлық құрылымдық бөлімдерге таратпа материалдар ұсынылды.

 

 ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТАРБИЕСЫ ОРТАЛЫҒЫ» РМҚК


№175 бұйрыққа сәйкес педагогтерге, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, тәрбиешілерге және дене шынықтыру саласының мамандарына арналған онлайн-біліктілікті арттыру курстарына қабылдау жариялайды!
? Неліктен бұл дәл қазір маңызды?

Білім беру саласындағы қазіргі жағдайлар оқушылармен жүргізілетін сауықтыру-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастыруды талап етеді
Онлайн-курстарымыз кәсіби қауымдастықтың өзекті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген және балалар мен жастармен жұмыс істеуде озық тәжірибелерді тиімді енгізуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген.

? Кімдерге арналған?
– Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
– Білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне
– Сауықтыру және тәрбие жұмыстарының мамандарына
– Дене шынықтыру нұсқаушыларына
– Кәсіби дамуға ұмтылатын барлық мамандарға

✅ Сізді күтіп тұр:
✔ Мазмұнды және практикалық материал
✔ Қашықтан оқу – өзіңізге ыңғайлы уақытта
✔ Тәжірибелі оқытушылар мен сарапшылардың қолдауы
✔ №95 бұйрыққа сәйкес ресми сертификат
✔ «USTAZ» платформасында 100% тіркеу
✔ Аттестация үшін баллдар
✔ 80 / 36 академиялық сағат
✔ Уақыт пен бюджет үнемі
? Курс бағасы:
80 акад. сағат – 25 016 теңге
36 акад. сағат – 11 529 теңге
? Тіркелу ашық!
Тіркеу сілтемесі бойынша жүзеге асырылады:

https://docs.google.com/spreadsheets/d/1HQVGnrW27hHiVVyOngEtMKWP6AXjZZwVI1GDtJKUnXc/edit?usp=sharing

Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
? +7 717 272 57 94;
? +7 771 365 27 28;
? +7 777 553 74 96;

 

Хоккей енді балаларға бұрынғыдан да жақын. Қазақстан хоккей федерациясы (ҚХФ) мен ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (ҰҒПДТО) спорт пен дене шынықтыруды қолжетімді ету, мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту және балаларды салауатты өмір салтына тарту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында еліміздің әр өңіріндегі мектептерге хоккейге арналған арнайы құрал-жабдықтар, сырғанап үйренуге көмектесетін тірек-қондырғылар, сондай-ақ 600 жиынтық қорғаныш киім, шлем мен коньки беріледі. Алғашқы жиынтықтар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және  Қостанай облыстарынан келген дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне табысталды. Жалпы, 50 мектепті қамту көзделіп отыр.

Жоба аясында Salem Hockey бағдарламасы іске қосылады. Бұл — балаларға хоккей спортын таныстырып, қызығушылықтарын оятуға бағытталған бастама. Бағдарлама шеңберінде ашық сабақтар, демалыс күнгі хоккей, экскурсиялар, шеберлік сабақтары мен фестивальдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, хоккейдің ерекшеліктері, құрал-жабдықтары мен ережелері туралы кеңінен ақпарат беретін арнайы сайт іске қосылды.

Жоба тек инвентарьмен шектелмейді. JAS NOMAD бағдарламасы арқылы дене шынықтыру пәні мұғалімдері хоккейдің негіздерін үйретуге арналған семинарлардан өтіп, әдістемелік қолдау алады.

Келісімге Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков пен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Арман Ташметов қол қойды. Іс-шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан де қатысты.

Жобаның басты мақсаты – балаларға хоккейді жақындату, мектеп қабырғасынан бастап спортқа қызығушылығын ояту. Сабақ үстінде алғаш рет таяқ ұстап көрген оқушы ертең кәсіби спорт жолын таңдауы әбден мүмкін.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар