8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК қызметкерлері 2024 жылғы 20 қарашада ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппарат басшысының төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік өкілінің қатысуымен  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында өткізілген ZOOM арқылы семинарға қатысты. Семинарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік өкілі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтардың алдын – алу және болдырмау, қызметтік тәртіппен заңдылықтарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбының өзектілігін, әр қызметкердің қызметтік міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі қажеттілігін атап өтті.

 

 

19-22 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бірлесіп, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қолдауымен өткен «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурсқа еліміздің әр өңірінен 19 үздік дене шынықтыру педагогі қатысып, жеңімпаздар:
ГРАН-ПРИ - Жиенбаев Тимур Маратович (Ақтөбе облысы)
I орын - Атамбаев Оразбек Махмұтұлы (Шымкент қаласы)
II орын - Жусупов Аслан Габделмажитович (Астана қаласы)
III орын - Процак Анастасия Петровна (Ақмола облысы)

Жеңімпаздар Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ атынан қаржылай жүлдеге ие болды:
ГРАН-ПРИ - 500 000 теңге
I орын - 300 000 теңге
II орын - 200 000 теңге
III орын - 150 000 теңге

Әр кезең бойынша қатысушылар арнайы номинацияларға ие болды.
«Заманауи дене шынықтыру сабағы» - Супрун Альбина Григорьевна (Алматы қаласы) «Креативті педагог» - Кдырменов Ержан Бауржанович (Қостанай облысы)
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» - Жетписов Кайрат Ракымбердинович (Павлодар облысы)
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» - Мейірханұлы Азат (Түркістан облысы)
«Көрермендер көзайымы» - Қайырбеков Елдос Асқарұлы (Шығыс Қазақстан облысы)

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 20 қарашада Астана қаласы № 108 орта мектеп базасында волейболдан клубтар арасындағы республикалық жарыстың ашылу салтанаты өтті.

ҰҒПДТО Спорттық іс-шараларды өткізу, статистика және талдау бөлімінің басшысы Д. Байбосынов, № 108 орта мектеп директоры Г. Жарылгапова, Астана қ. Волейбол федерациясының вице-президенті Н. Төлендиев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жас спортшыларға байрақты бәсекелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуге сәттілік тіледі.

Жарысқа 26 команда бойынша (ұлдар/қыздар) 312 спортшы қатысуда.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас волейболшылар осындай жарыстарға қатысу арқылы командалық рухты, өзіне деген сенімділікті дамытып, өз өңірінің намысын қорғап, спорттық қабілеттерін шыңдай түседі және өзара достық орта қалыптастырады.

26 қарашада төрешілер үздіктерді анықтайтын болады.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды

Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды.

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.

Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:
I тур – «Креативті педагог»;
II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»;
III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар