Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Интеллектуалдық ұлттық спорт ойындары арқылы ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіу» республикалық семинар шешімімен Ұлттық ойындарды заман талабына сай жаңғырту үшін 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында («Қазанат» ипподромы) өтетін «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» қатысып, «Үшбас» спорттық асық ойыны және «Асық шерту» ойынының көрмесін ұйымдастырады.
Оқулық, оқу құралы, оқу әдістемелік құралы, арнайы журнал және авторлық бағдарлама аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
4 қыркүйек күні Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында өткен іс-шараның мақсаты – орталық қызметкерлерімен оқулықтар, оқу құралдары және авторлық бағдарламалар төңірегінде пікір алмасу, тәжірибе бөлісу. Ұлттық ойындарымызды насихаттап жүрген Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының жетекшісінің м.а. Шилибаев Бекболат Аманжолұлы қатысушыларға «Қазақ шаңырағы» инновациялық-логикалық, танымдық ойынының жалпы ережелері мен ойнау тәсілдерін таныстырды.
«Қазақ шаңырағы» ойын ережесі: Ойында 63 тас болады. Ойын ережесі бойынша тастың оң және сол беттеріне таңба салынады. Тас өлшемі 5х2,5см. 63 тастың артқы бетінде «Көкте самғаған қыранмен шаңырақ» белгіленеді және оның сырты қазақ оюымен безендіріледі.Ойын оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, танымдық қабілеттерін арттырады.
Сонымен қатар, 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін түркі әлемінің маңызды шарасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрмесінде орталықтың атынан «Бестас», «Үшбас», «Шаңырақ» ойындары таныстырылатын болады.
Бұл шара білім беру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды қадам болып саналады.