Қазақтың ұлттық ойындары адамдарды біріктіреді, стратегиялық ойлауды дамытады.
? 2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткізілген «Ұлттық зияткерлік ойындар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы «Бестемше» ұлттық ойынының жарысына ұласты.
Еліміздің барлық өңірінен келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының шеберліктері жарыс көркін қыздыра түсті.
Жарысқа жалпы 297 адам қатысты.
? Жарыс нәтижесінде:
Ұлдар арасында
?орын — Тайжибек Сүйеу - Қарағанды облысы
?орын — Сагындыков Медет - Ақмола облысы
?орын — Касенов Асхат- Астана қаласы
?орын — Қуандықов Ерлан - Астана қаласы
?орын — Уажанов Мұрат- Астана қаласы
Қыздар арасында:
?орын — Қызырова Зере - Алматы қаласы
?орын — Аскарова Назгуль - Көкшетау қаласы
?орын — Оспанова Айсұлу- Көкшетау қаласы
?орын — Кожанова Мейргүл - Абай облысы
?орын — Палашова Жамила- Шымкент қаласы
?орын — Ошақбаева Жанна - Астана қаласы
⚜️ Жарыс қорытындысында ҰҒПДТО бас директорының орынбасары С. Куптилеуова ерекше ойын өрнегін көрсете білген барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтап, оларға кубок, медаль, диплом табыстады.