8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

2024 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және метрология институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Футбол федерациясының мәжіліс залында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
 
Спорттық жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы стандарттарды түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстелде елімізде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген стандарттар туралы айтылды:
-«Ойын аймақтарына арналған жабдық. Баскетбол жабдығы. Функционалдық талаптар, қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері»;
-«Ойын аймақтарына арналған жабдық. Волейбол жабдығы. Функционалдық талаптар, қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері»;
- «Коньки паркі. Қауіпсіздік талаптары мен сынау әдістері».
 
Кеңесте көпфункционалды спорт кешендерінде, ашық жаттығу алаңдарында футбол, баскетбол, волейбол секілді бұқаралық спортпен шұғылдануға мүмкіндіктердің жасалуымен қатар қауіпсіздік мәселесін де назардан тыс қалдырмау қажеттігі талқыланды.
 
 Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов өз сөзінде спортпен шұғылдану барысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығына тоқталып, жаңадан салынып жатқан спорт залдары мен алаңдарындағы бетон жабындарға қатысты мәселе көтерді. Бетон жабындар білім алушылардың ең алдымен денсаулығына зиян, одан бөлек оқу-жаттығу процесінде жарақаттану қаупі жоғары. Яғни ашық/жабық спорт залдары мен алаңдарының құрылысына қауіпсіз материалдар мен технологияларды пайдалануды, бетон беттерін жұмсақ жасанды көгал кілемімен жабдықталуы, дене шынықтыру мен спорт нысандары қауіпсіз болуы тиіс, – деген ұсынысын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
Ғани Бейсембаев:
еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді:
– былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен;
– тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған;
орта білім сапасын арттыру туралы айтты:
– мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген;
– Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 2024 жылғы 13 қыркүйекте Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ұлттық спорт ойындарын насихаттаушы өкілдермен кездесу өткізілді.
 
Этноауылда өткен бұл басқосуға Рауф Өзген - Түркия, Мангала федерациясының президенті, Жанаргул Фенибеши - Мажар-Қазақ мәдени ұйымының басшысы, Жаннат Нурбаева - Испания қазақ ауылының басшысы, Хана Котинова - Чехия, Мангала федерациясының төрайымы, Белгин Найм - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті;
 
Орталықтың Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру зертханасы жетекшісінің м.а. Б. Шилибаев, ғылыми-зерттеу зертханасы жетекшісінің м.а. Ф. Билибаева, тренер-лекторлар - М. Шотай, Д. Мұратқызы, аға әдіскерлер А. Мираманов, А. Бисимбаева қатысты.
 
Қонақтарға ұлттық интеллектуалдық ойындар – Асық ату, Асық шерту, Бестемше және Бескеней ойындарын ойнау үлгісі көрсетілді. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасын көрсететін бұл дәстүрлі ойындардың ережелері мен тарихын қызығушылықпен тыңдап, ойынға араласып белсенділіктерін танытты.
 
Ептілік пен стратегиялық ойлауды қажет ететін авторлық интеллектуалдық ойындар қонақтардың назарын аударды.
 
Қонақтар ойындарға үлкен қызығушылық танытып, олардың ережелері мен орындалу техникасы туралы сұрақтар қойды. Пікір алмасу нәтижесінде дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттауға және елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және одан әрі ынтымақтастық орнату жоспарлары белгіленді.

12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов ҚР Туризм және спорт министрі Е. Мырзабосыновпен кездесті.

Астана қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен кездесу барысында өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дене шынықтыру орталықтары мен спорттық туризм ұйымдары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚР Туризм және спорт министрі Е. Мырзабосынов Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға тамаша алаң екенін атап өтті.
Екі жақты келісілген іс-шаралар жоспары негізінде спорттық туризмді дамытуға, білім алушылардың дене шынықтырумен тұрақты айналысу мәдениетін қалыптастыруға және оқушылар арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастыруға, Олимпиада чемпиондарымен кездесу өткізуге қатысты бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал ететін жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар