8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру шарасы өтті.

Іс-шара барысында Орталықтың комплаенс-офицері Б.Ж. Даулетбаева ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ереже, Стандарт, Саясат және Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясатының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 31 наурызындағы № 112 бұйрыққа сәйкес, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні айтылды.

Ұсыныстар:
1. www.nnpcfk.kz сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» айдарын үнемі жаңартып отыру.
2. Сыбайлас жемқорлық көріністерін байқаған жағдайда, комплаенс-офицерге хабарлау немесе сенім телефоны мен сенім жәшігі арқылы шағым түсіру.

Бұл шара Орталық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қатаң сақтауы үшін ұйымдастырылған.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдап, оның негізгі бағыттарын талқылады. Жолдауда ұстаздардың біліктілігін арттыру және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру маңызды мәселе ретінде аталып өтті.

Президент айтқандай, мұғалімдер – ұлттың зияткерлік қуаты. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы елдің дамуына үлес қосу біздің ортақ міндетіміз.

ҰҒПДТО ұжымы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді қолдайды және дене шынықтыру мен спорт саласында сапалы білім мен тәрбиені одан әрі дамытуға өз үлесін қосуға дайын.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – білімге жол ашып, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретін ерекше сәт. Жаңа оқу жылы бәріңізге сәттілік, табыс және үлкен жетістіктер әкелсін деп тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асып, білім жолында биіктерге жете беріңіздер!

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар