8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігін мен дағдыларын дамыту» тақырыбында Жетісу облысында өткізілген 80 сағаттық курсқа 20 тыңдаушы қатысты.

Орталықтың тәжірибелі тренер-лекторлары заманауи трендтер мен технологияларға назар аудара отырып, дене шынықтыру жаттығуларын тиімді ұйымдастырудың, балалармен жұмыс жасаудың инновациялық тәсілдерімен бөлісті.

Біліктілікті арттыру курсында әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, әр педагог өзінің кәсіби дамуына ықпал ететін теориялық/практикалық сабақтарды меңгерді.

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» педагогтердің Тамыз саммиті аясында цифрлық шешімдердің сандық көрмесі ұйымдастырылды. Оған білім беру саласында өз өнімдерін ұсынған 40-қа жуық компания қатысты.

 

 

https://youtu.be/LjeqUAF4pjE?si=oT6jzfSbofqE7DIL 

Бүгін еліміздің білім беру саласының үздіктері жиналған республикалық педагогикалық тамыз саммиті өтті.
Саммитке Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мамандары да онлайн түрде қатысты.

Бұл жиын педагогтер қауымдастығы үшін маңызды диалог алаңына айналып, білім беру жүйесін жетілдіру, оқушылардың дене тәрбиесін дамытудың жаңа жолдары мен әдістерін талқылауға мүмкіндік берді.

Орталық қызметкерлері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіснамалық ұсынымдарымен таныстыра отырып, дене тәрбиесінің сапасын арттыруға бағытталған нақты бастамаларды талқылады.

Бірінші рет дәстүрлі тамыз конференциясы халықаралық қонақтар – білім берудегі сарапшылардың қатысуымен Саммит форматында өтеді.

Биылғы жылы ол «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады.

Саммит аясында жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтеді.

Iс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады.
Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимдерде қатысатын болады.

Саммит Оқу-ағарту министрлігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі:

YouTube https://youtube.com/live/N4AUbx

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар