Өскемен қаласында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Қазақстан оқушысы» LIV (54) велосипед жарысы өз мәресіне жетті.
Жарыс 6 кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.
Жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар келесідей анықталды:
1 орын – Almaty Cycling Team
2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы
3 орын – Шымкент қаласы
Жарыс барысында көрсетілген жоғары деңгейдегі нәтижелер қазақстандық велоспорттың болашағының жарқын екендігін айқын көрсетті.
Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасын қорытындылау 2024 жылғы 16 тамызда Астана қаласы Қазмедиа орталығында салтанатты түрде өткізілді!
Биылғы Гимназиада жарыстарына қатысқан мектеп оқушылары өте жоғары дайындықпен келді.
Мектеп оқушылары өз өңірлерінің намысын қорғап жеңіске деген ерекше құлшыныстарын танытты.
Гимназиада ережесі жас спортшыларды жарыстырумен шектелмейді, оқушыларға ұмытылмас эмоциялар сыйлап, достық атмосферада біріктіруді көздейді.
Келесі Гимназиада жарыстарында тағы кездескенше!