8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

🎯 Қызылорда қаласында №2 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің базасында "Шұбар доп" - волейболдан қыздар арасында жарыс өте тартысты да қызықты өтті.
🎯 Оқушылар алаңда жеңіс үшін бәсекелес болса да, ойыннан тыс уақытта достық орта қалыптастыра білді.
🏆3 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте
🥇І орын - Түркістан облысы;
🥈ІІ орын - Ақтөбе облысы;
🥉ІІІ орын - Қызылорда облысы.
✅ Жарысқа еліміздің өңірлерінен 13 команда, 9-11 сыныпта оқитын 116 жас спортшы қатысып, шебер ойын өрнегін көрсете білді.

🎯 Жылдың ең қызықты жарысы осында!
🟢 Спорт жанкүйерлері!
Сыр өңірінде Ұлттық мектеп лигасының жарыстары жалғасуда.
🏀 Жазғы демалысты Ұлттық мектеп лигасының жарыс алаңында өткізіп отырған батыл әрі қайсар мінезді оқушыларымыз ұмытылмас эмоцияға толы шебер ойын көрсетті.
✅️ Қызылорда қаласында жүзеге асырылып отырған Ұлттық мектеп лигасының "Алтын доп" - баскетбол жарысына (ұлдар арасында) республиканың 11 өңірінен 120 оқушы қатысты.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:
І орын – Алматы қаласы;
ІІ орын – Қызылорда облысы;
ІІІ орын – Астана қаласы.
✊️ Барлық қатысушыларға Ұлттық мектеп лигасының жарыстарына қатысқандары және қызығушылықтары үшін алғысымызды білдіреміз.

Сыр өңірінде өтіп жатқан Ұлттық мектеп лигасының ойындары мәреге таяп келеді. Күн сайын жарыс көрігін қыздырған талантты жасөспірімдер кіл мықтыны анықтау үшін барын салуда. Атап айтқанда, лигас аясында 9-11 сынып оқушылары (қыз балалар) арасында волейболдан ұйымдастырылған «Шұбар доп» республикалық жарысы тартысқа толы өтуде.
Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 11 команда қатысты. 14-21 шілдеге дейін созылатын республикалық әуе доп додасына 15 бапкер 114 оқушысын бастап келгенін айта кетуге болады. Олар:
1.Қызылорда облысы 12
2.Ақтөбе облысы 8
3.Шымкент қаласы 10
4.Түркістан 12
5.Қарағанды 12
6.Жамбыл облысы 12
7.Атырау облысы 12
8.Маңғыстау облысы 12
9.Алматы қаласы 12
10.Батыс Қазақстан облысы
11.Ақмола облысы 12
Жасөспірімдердің таудай таланты мен ерік жігерін шыңдай түсуді мақсат еткен сайыс дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын болады. Биылғы доданың бәсін биіктетіп, жарысты жоғары деңгейде өткізіп жатқан азаматтарға шын жүректен алғыс айта отырып, сайыс қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2024 жылы 80 сағат көлемінде қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған ақылы негізде біліктілік арттыру курстарына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Курс   аудиториялық   және   қашықтықтан   (ZOOM платформасында) өткізіледі.   Курстан   өтуге   ниет   білдірушілер   өтінімді  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына   жіберу   қажет,   сондай-ақ   курс   бойынша   қосымша   ақпаратты 8 7772425983, 8 7011213456 нөмерлері бойынша алуға болады.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар