8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Түркістан қаласының №18 Ж.Еділбаев мектебінің қыздар арасындағы баскетбол командасын Ұлттық мектеп лигасы республикалық сайысында 4 дүркін чемпион болып, жеңіске жетуімен құттықтаймыз!
🏀 Қызылорда қаласында өткен «Алтын доп» - баскетболдан ұлттық мектеп лигасында үздік ойын көрсеткен команда оқушылары спорттық сайыста табандылық танытып, Алтын доптың нағыз шеберлері екенін дәлелдеді.
🏆 Орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері-тренерлік құрамы ұжымдық жұмыстың жарқын үлгісін көрсетті.
🪩 Аталған мектептің жетістігі еліміздің жас спортшыларын әлемдік спорт алаңына шығуына шабыт сыйласын!

 

Сыр өңіріндегі үздік командалардың сайысы 
🏆 ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Ұлттық мектеп лигасы Қызылорда қаласында жалғасуда.
🟢 9-11 сынып оқушылары арасында
«Былғары доп» – футбол, «Шұбар доп» – волейбол, «Ұшқыр доп» – гандбол, «Алтын доп» – баскетбол, «Теңбіл доп» – футзал, «Ақбозат» – шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі, асық және бес асық спорт түрлерінен республикалық ақтық кезең жарыстары өткізілуде.
🎯 Спорт мектеп оқушыларының өмірінде маңызды рөл атқарады, өйткені олар осындай жарыстарға қатысу арқылы командалық рухты және өзіне деген сенімділікті дамытып, өз өңірінің намысын қорғап, спорттық қабілеттерін шыңдай түседі.
✅️Қызылорда қаласындағы Еуразия спорт кешенінде, Локомотив стадионында, «Мұз айдыны» спорт кешенінде, «№2 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің базасында өткізіліп отырған сайыстарға мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық іріктеу жарыстарынан жеңімпаз атанған үздік командалар қатысуда.
🏆 31 шілдеде аяқталатын Ұлттық мектеп лигасының жарыстарында төрешілер үздіктерді анықтайтын болады.

 

Астана қаласында Қазақстан оқушыларының XII Жазғы Гимназиадасы аясында жағажай волейболынан (16-18 жас) жарыс өтті. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ұлдар арасында:
1 орын – Жамбыл облысы
2 орын – Астана қаласы 1
3 орын – Астана қаласы 5
Қыздар арасында:
1 орын – Жамбыл облысы
2 орын – Астана қаласы 4
3 орын – Астана қаласы 3
Командалар кубокпен, медальмен, грамота және дипломдармен марапатталды.

 

Қазақстандық құрама IBO-2024 олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті
🇰🇿Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өз мәресіне жетті. Бірінші рет IBO осыдан 34 жыл бұрын алты елдің қатысуымен өткен болатын. Биылғы жылы Қазақстанда өткен олимпиадаға 81 мемлекеттен командалар жиналды. Бүгін олимпиаданың ресми жабылу салтанаты өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық қатысушыларға және халықаралық ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді. Ол олимпиаданың жалпы білім саласының дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
«IBO-2024 — білімнің бәсекелестік алаңы ғана емес, ол ғылым саласында мемлекеттердің достығы мен ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететін халықаралық маңызды шара. Қазақстанда өткізген әрбір күн Сіздерге жарқын естелік сыйлап, алдағы уақытта ғылымның жаңа биік белестерін бағындыруға шабыт береді деп ойлаймын. Болашақта Сіздер орасан зор ғылыми жаңалықтар ашып, әлемнің ұлы ғалымдарының даңқты жолын жалғастырасыздар деп сенемін!»,— деді Ғани Бейсембаев.
🔖Атап өту керек, олимпиада қорытындысы бойынша Халықаралық комитеттің инпекторлары мен әділ қазылар IBO-2024 олимпиадасының ұйымдастырылуына жоғары баға берді, сондай-ақ қазақстандық жас ғалымдар әзірлеген олимпиада тапсырмаларының өзектілігі мен өзгешелігін атап көрсетті.
Бұл олимпиаданы өткізу үшін тынбай еңбек еткен ұйымдастыру комитеті үшін жоғары марапат болды.
💯Еліміздің құрамасы 100% медаль көрсеткішіне қол жеткізді, олар төрт қола медальды қанжығалады:
🥉Ғалымжан Бақтыбай — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
🥉Амина Тынырбай — Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
🥉Нұртөре Төреханұлы — Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
🥉Диас Сүлейменов — Ақтөбе облысы «Білім- Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
✏️Қазақстан командасының жетекшілері: Бауыржан Смайлов - биотехнология магистрі, IBO-2007 олимпиадасының күміс жүлдегері; Ернар Батыржанов - Ульсан ғылым және технология ұлттық институтының студенті (UNIST, Корея),
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар