8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

2024 жылғы 29 тамызда Алматы қаласы М. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Алматы көлік колледжінің оқу базасында «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігін мен дағдыларын дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
 
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары Р. Рысбекова Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсының оқыту сапасын, нұсқаушылардың курсқа қатысуын зерделеу мақсатында теориялық/практикалық сабақтарға қатысты. Пікір алмасу барысында Р. Рысбекова нұсқаушылардың сауалдарына жауап беріп, қазіргі таңда балдырғандардың тұлғалық дұрыс қалыптасуына, дене шынықтыру жаттығуларын жасау арқылы дене мәдениетінің дұрыс қалыптасуы үшін жаттығулар кешенін, ұлттық ойындардың құндылығы мен маңыздылығын бойларына сіңіру шеңберінде дене шынықтыру нұсқаушыларына жауапкершілігі мол міндеттердің жүктеліп отырғандығын атап өтті.Курсқа қатысқан 20 тыңдаушыға мемлекеттік үлгідегі сертификат табыс етілді.
 
Курста білікті тренер-лекторлар дене шынықтыру пәні бойынша инновациялық әдістерді тиімді пайдалану, педагогикалық-психологиялық, нормативтік құқықтық бағыттар, IT құзыреттілікті дамыту бойынша кешенді білім берді.
 
Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.
 
 
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар