8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ЖАС ПАЛУАН МЕЙРАМБЕК ҚАРТБАЙ ПАРИЖ ТӨРІНДЕ ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Мейрамбек Қартбай төртжылдықтың басты додасында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталы (сілтеме)

Порталдың жазуынша бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында хабарланған.

Мейрамбектің олимпиада жолдамасын иеленуінің өзі кездейсоқ оқиға болғанын айта кету керек. Өйткені, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж олимпиадасына барудан бас тартуы себепті сол елдің палуаны Заур Угуиевке берілген жолдама бос қалып, іріктеу турнирінде аталмыш спортшыдан жеңілген Мейрамбек Қартбай оның орнына Парижге баратын болып шешім қабылданды.
Осылайша 57 кг салмақта сынға түсетін Мейрамбек Қартбай олимпиада төрінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Әр баланың арманы төрт жылдықтың басты додасында топ жару десек, Мейрамбектің қадамына сәттілік тілейік. Бәлкім, Жақсылық Үшкемпіров салған даңқты жол жалғасын табар!

Естеріңізге сала кетсек, осы күнге дейін ел қоржынында Париж олимпиадасының 91 жолдамасы бар. Яғни, 79 атлет 25 спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады

Қазақстан оқушыларының XII жазғы Гимназиадасы аясында баскетболдан 3x3 өткен жарыстары аяқталды!
Ұлдар және қыздар арасындағы сайыстардың нәтижелері:
Ұлдар арасында:
🥇 I орын: Алматы
🥈 II орын: Атырау облысы
🥉 III орын: Жамбыл облысы
Қыздар арасында:
🥇 I орын: Алматы
🥈 II орын: Ақтөбе облысы
🥉 III орын: Маңғыстау облысы
Бұл жарыстар жастарымыздың спортқа деген құштарлығын арттырып, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне үлес қосады. Жарыс барысында командалар өздерінің ең мықты жақтарын көрсетіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Тартысты өткен матчтарда ойыншылар өздерінің техникалық шеберліктерін, жылдамдығын және командалық рухын танытты.
Алматы қаласының командасы ұлдар және қыздар арасындағы жарыстарда бірінші орынды иеленіп, өздерінің баскетболдан ең мықты екенін дәлелдеді. Атырау облысының ұлдары мен Ақтөбе облысының қыздары екінші орынға ие болып, өздерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Жамбыл облысының ұлдары мен Маңғыстау облысының қыздары да керемет ойындар көрсетіп, үшінші орындарға лайық деп танылды.

 

 

Қазақстан оқушыларының XII жазғы гимназиадасы Алматы қаласының Байсерке ауылында жалғасуда
8-14 шілде аралығында авиамодельдік спорт түрінен жарыстар өтеді.
Бүгін еліміздің 5 облысынан келген оқушылар бақ сынайтын жарыстың мандаттық комиссиясының отырысы өтуде. Бұл комиссияның отырысында жарысқа қатысушылардың құжаттары мен техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Жарысқа қатысатын оқушылар өздерінің шеберлігін көрсетіп, авиамодельдік спорттың қыр-сырын меңгеруге және басқа облыстардан келген құрдастарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Жарыс барысында әртүрлі санаттар бойынша ұшу аппараттары тексеріліп, олардың ұшу қабілеті мен техникалық сипаттамалары бағаланады.
Алдағы күндері өтетін жарыстардың нәтижелері еліміздің жас авиамодельшілерінің жаңа жетістіктерін көрсетеді деп сенеміз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасының аясында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросс өтті! 
🥇 I орын: Павлодар облысы
🥈 II орын: Астана қаласы
🥉 III орын: Ақтөбе облысы
 

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар