8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

⚓️ «НАВИГА» халықаралық қағидаларына сәйкес өткізіліп отырған сайыста 16-18 жастағы оқушылардың қолдан жасаған кемелерінің су бетіндегі жылдамдығы, курсты ұстаудағы тұрақтылығы, маневр жасаудағы икемділігі, салмағы, ауқымы ескерілетін болады.
⛵️ Бүгінгі жарыс жағадан 15-30 метр қашықтыққа, 200 метрлік айналма жасау түрлері бойынша өткізілді.
🏆 Жарысқа 8 команда: Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан және Ақтөбе, Атырау, Тараз қалаларынан 70 оқушы қатысуда.
🛟 2 шілдеде аяқталатын кеме жарыстыру спортында төрешілер командалық сайыстарда үздіктерді анықтайтын болады.

 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ XII ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараны Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев өз құттықтауымен ашып, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының балалар спортына айырықша қолдау білдіруін жеткіншектеріміздің байрақты бәсекелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көптеп көрінуінен байқауға болады.
Гимназияда 2 маусым – 28 тамыз аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында өтеді.
Жиыны бес мыңнан астам оқушы жалпы сайыстың 52 түрінен және спорттық 23 түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Сайыстардың қатарында үстел теннисі, футбол, регби, бадминтон, спорттық бағдарлау, корабль құрастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б. бар.
Дүбірлі сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар гимназияда аясында тек сайыс көрігін қыздырып қана қоймай, өзара достық, командалық рух аясында тәрбиеленіп, жеңіске деген ынталары арта түспек.
Гимназияда – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын дәріптей отырып, олардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

 

Астана қаласындағы ҚР Футбол федерациясының манежінде Ұлттық мектеп лигасының аясында 28 маусымда былғары доп иелері сайысының ашылу салтанаты болып өтті.
⚽ FIFA халықаралық ережелеріне сәйкес өткізіліп отырған Футбол жарысының ашылу салтанатында ҚР Футбол федерациясының президенті - Барменқұлов Әділет Назарбайұлы,
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы - Станислав Саламович Черчесов,
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. - С. Куптилеуова,
ҰҒПДТО кеңесшісі - Қ. Жахин қатысып, өңірлерден келген командаларға жеңіс тіледі.
Салтанатты жиында
- Фристайл мектебінің @Ffa_astana негізін қалаушы әрі жаттықтырушысы - Алмат Қырғызбай шәкірттерімен келіп футболный фристайл өнерін көрсетті;
- күш нөмірлері бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы @sergei030485
Цырульников, Сергей Валерьевич оқушылардың күшін өлшеу бойынша қызықты бағдарламалық нөмірлерін ұсынды.
🏆 Футбол жарысына 15 команда - 180 оқушы қатысуда.
🎯 2 шілдеде аяқталатын жарыста төрешілер нағыз үздіктерді анықтайтын болады.
1️⃣6️⃣➖1️⃣8️⃣ жас аралығында өткізіліп отырған сайыста Астана, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау қалаларынан және Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Атырау, Абай, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстарынан келген футбол алаңының шеберлері бақ сынасуда.

 

🎯 БАҚ қызметкерлерінің мерекесі құтты болсын!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқу-ағарту саласындағы жаңашылдықтарды, дене тәрбиесі мен сауықтыру және спорттық іс-шаралардың маңыздылығын халыққа жеткізіп, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттап жүргендеріңіз үшін сіздерге үлкен алғыс айтамыз.
Сіздердің қызметтеріңіз - бұл шығармашылық жұмыс қана емес, бұл – қоғамға өзекті, шынайы ақпарат жеткізу бойынша жауапты миссия. Жоғары азаматтық жауапкершілік, объективтілік және қоғам мүддесін қорғау – кәсіби журналистиканың басты қағидаттары.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Құрметпен,
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар