8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

🟢 Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
🎯 Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2024 жылдың 3-14 маусым аралығында дене шынықтыру педагогтері «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
✅️ Астана қаласының Халықаралық педагогикалық колледжінің оқу базасында курстан өткен 50 тыңдаушыға ҰҒПДТО бас директорының м.а. С. Куптилеуова мен бас директордың орынбасары Р. Рысбекова мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.
🟢 С. Куптилеуова өз сөзінде: “Қазіргі таңда білім алушылардың тұлғалық дұрыс қалыптасуына, спорт саласына бет бұруына, дене мәдениетінің дұрыс қалыптасуы үшін төзімділік қасиетін дамыту бойынша дене шынықтыру мұғалімдеріне жауапкершілігі мол міндеттер жүктеліп отыр” -деп, атап өтті.
🟢 Р. Рысбекова “Әр педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған білімін оқу процесінде қолдана білуі және курстан кейінгі дамуына мән беруі - өз кәсібіне деген сенімділікті нығайтады” - деп, түйіндеді.
🎯 Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етті (аға әдіскер А. Бейсембаева жауапты).

🏆 Павлодар қаласындағы Ж.Ташенов атындағы орта мектептің, Медициналық колледждің оқу базаларында және Юность манежінде баскетбол, гандбол, волейбол, футболдан Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы өткізілуде.
🏀 баскетболдан ұлдар арасында 7 команда бойынша 84 оқушы;
👋🏻🟢 гандболдан қыздар арасында 7 команда бойынша 84 оқушы;
🏐 волейболдан ұлдар арасында 7 команда бойынша 79 оқушы;
⚽️ футболдан қыздар арасында 8 команда бойынша 82 оқушы қатысуда.
☀️ 11 маусымда басталған батыл әрі өр мінезді оқушылардың ұмытылмас жағымды эмоцияларға толы сайысы жалғасуда.
🏆 Білікті төрешілер командалық, жекелей сайыстарда үздік өнер көрсеткен командаларды 16 маусымда анықтайды.

⚽️ Шымкент қаласындағы Исфиджаб стадионында шағын футболдан Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы аясында жарыс жалғасуда.
⚽️ Шағын футболдан
🙋‍♂️ұлдар арасында 5 команда бойынша 60 оқушы қатысуда;
🙍‍♀️арасында 5 команда бойынша 33 оқушы қатысуда;
🎯 Төрешілер шағын футболдың үздіктердін 15 маусымда анықтайды.

⚪️ 🏓10-14 маусым аралығында Орал қаласындағы облыстық туризм орталығында Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы аясында дойбы және үстел теннисінен жарыс өтті.
⚪Дойбыдан 5 команда бойынша 15 оқушы қатысты.
🏓Үстел теннисінен 5 команда бойынша 32 оқушы сайысқа түсті.
🏆 3 жарыс күнінде төрешілер командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда үздіктерді анықтады.
🎯 Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте
Дойбыдан
🥉 Жамбыл облысының командасы 3 орын;
🥈 Батыс Қазақстан облысы 2 орын;
🥇Атырау облысы жарыс чемпионы атанды.
Үстел теннисінен
🥉 Жамбыл облысының командасы 3 орын;
🥈 Маңғыстау облысы 2 орын;
🥇Батыс Қазақстан облысы жарыс чемпионы атанды.
👏 Жарыс достық атмосферада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар жаңа достық орта қалыптастырып, жеңіс жүлдесімен бірін-бірі құттықтады.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар