Дене тәрбиесі саласына сіңірген еңбегі үшін, Алматы облысы білім басқармасының дәне тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Серік Солтанбаев Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Серик Еспайұлы 1964 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Карл Маркс селосында дүниеге келген. Өзінің 30 жыл ғұмырын дене тәрбиесі саласына арнаған білікті маман бүгін өз саласының үздігі атанып, еңбегі еленуде. Марапатыңыз құтты болсын!