8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Жағымды жаңалық!
«Дене тәрбиесі жаршысы» ғылыми-практикалық журналы үздік педагогикалық практиканы жариялау үшін ұсынылған басылымдардың тізіміне енді. Бұл біздің еліміздегі дене тәрбиесі мен спорт саласындағы білім беру мен ғылыми жетістіктерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді.
Енді дене шынықтыру педагогтері өздерінің ғылыми мақалалары мен әдістемелік әзірлемелерін «Тәжірибені жалпылау және тарату» өлшемшарты бойынша осы беделді журналда жариялай алады. Бұл педагогтардың еңбектерін танытуға, тәжірибелерімен бөлісуге және кәсіби қауымдастықтың назарын аударуға үлкен мүмкіндік.
2024 жылы үздік педагогикалық практиканы жариялау үшін ұсынылған басылымдардың толық тізімін келесі сілтеме арқылы көре аласыз:
Барлық педагогтерді өздерінің ғылыми және әдістемелік жұмыстарын жариялауға шақырамыз!

 

⚜️ 30 маусымда Астана қаласындағы Ж. Аймауытұлы атындағы № 24 орта мектептің базасында Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы шеңберінде «Асық ату» ұлдар арасында, «Бес асық» қыздар арасында жарыс басталды.
✅️ Командалық жарыстар ҚР Туризм және спорт министрлігінің және Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бекіткен қағидалары аясында өткізілуде.
🏆 Жарысқа Асық атудан 18 команда, Бес асықтан 17 команда: Астана, Алматы, қалаларынан және Қызылорда, Павлодар, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу облыстарынан 102 оқушы қатысуда.
2 шілдеде аяқталатын жарыста төрешілер командалық сайыстарда үздіктерді анықтайтын болады.

⚜️ 30 маусымда Астана қаласындағы Ж. Аймауытұлы атындағы № 24 орта мектептің базасында Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы шеңберінде «Асық ату» ұлдар арасында, «Бес асық» қыздар арасында жарыс басталды.
✅️ Командалық жарыстар ҚР Туризм және спорт министрлігінің және Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бекіткен қағидалары аясында өткізілуде.
🏆 Жарысқа Асық атудан 18 команда, Бес асықтан 17 команда: Астана, Алматы, қалаларынан және Қызылорда, Павлодар, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу облыстарынан 102 оқушы қатысуда.
2 шілдеде аяқталатын жарыста төрешілер командалық сайыстарда үздіктерді анықтайтын болады

 

Щучинск қаласында өткен Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы гимназиадасы аясында 16-18 жас арасындағы спорттық бағдарлау жарысына 6 облыс қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
Ұлдар арасында:
1. Солтүстік Қазақстан облысы
2. Батыс Қазақстан облысы
3. Жамбыл облысы
Қыздар арасында:
1. Батыс Қазақстан облысы
2. Солтүстік Қазақстан облысы
3. Жамбыл облысы
Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды құттықтаймыз және жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар