Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қаралды: 148
Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті. Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, кездесуде қос дипломдық білім беру мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының тағылымдамадан өтуі, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру туралы айтылды.
«Қазақстан үкіметі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті маман дайындауға аса көңіл бөлуде. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ға жуығы тегін білім алуда. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кадрларды мақсатты әзірлеу, сондай-ақ еліміздің әрбір макроөңірінің тапсырысы бойынша колледждерді бейіндеу жүргізілуде. Қазақстандық колледждер халықаралық аккредитациялаудан өтуде. Біз бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейтуді көздеп отырмыз», — деді Ғани Бейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 772 колледжде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есеге жуық артты, оның ішінде 70 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталды. 518 кәсіпорын 410 колледжді өзінің қамқорлығына алып, кеңес құрамында колледжерді басқаруға қатысып келеді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, әлемдік үздік кәсіби стандарттар мен тәжірибелерді енгізу мақсатында елімізде жыл сайын WorldSkills чемпионаты өткізілуде. Өткен жылы өз тарихында тұңғыш рет біздің студенттеріміз EuroSkills халықаралық додасында тамаша көрсеткішке қол жеткізді.
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz