8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық мектеп лигасы - «Ұшқыр доп» гандбол жарысы
📍 Қызылорда қаласы, Евразия спорт кешенінде 7-14 шілде аралығында гандболдан «Ұшқыр доп» жарысы өтуде.
Жарысқа 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Қатысушы командалар:
1. Қызылорда облысы - 12 оқушы
2. Жетісу облысы - 12 оқушы
3. Маңғыстау облысы - 11 оқушы
4. Атырау облысы - 12 оқушы
5. Алматы қаласы - 12 оқушы
6. Түркістан облысы - 11 оқушы
7. Ақтөбе облысы - 11 оқушы
8. Шымкент қаласы - 10 оқушы
9. Қарағанды облысы - 9 оқушы
10. Жамбыл облысы - 10 оқушы
Жалпы қатысушылар саны: 110 оқушы
Барлық командаларға сәттілік тілейміз! 🏆

 

 Парижде өтетін Олимпиадада Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды

Ұлттық құрама спорттың 25 түрінен 92 лицензия алды, деп хабарлады Мемлекет басшысына ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев.

Еске сала кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы – Парижде өтеді.

Қазақстанда ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды

🇰🇿Астана қаласында оқушылар арасындағы IBO-2024 биологиядан халықаралық ең беделді олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, IBO халықаралық комитетінің төрағасы Ленка Либусова арнайы қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ғани Бейсембаев халықаралық олимпиаданың біздің елімізде өткізілуі аса маңызды екенін атап өтті. Биологиядан халықаралық олимпиада алғаш рет 34 жыл бұрын өткізілді, оған ол кезде тек 6 ел қатысқан. Ал бүгін ел астанасында 81 мемлекеттің командалары жиналды.

«Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлы осыдан бір жарым ғасыр бұрын: «Адамның күші оның ойы мен білімінде жатыр», — деген. Осы сөздің бүгінгі күні де өзекті екеніне күмән жоқ. Сіздердің көпшілігіңіз болашақта белгілі биолог атанып, мыңжылдықтың орасан зор жаңалықтарын ашасыздар деп сенемін. Осы Олимпиада әрқайсыңыз үшін мамандық таңдаудың, әлемдік ғылымның игілігі үшін елеулі жетістіктерге жетудің маңызды кезеңіне айналатынына сенімдімін.
Олимпиада Сіздерге Қазақстанмен танысып, біздің салт-дәстүріміз, қонақжайлығымыз бен достығымыздан ұмытылмас әсер қалдырады деп ойлаймын», — деді Ғани Бейсембаев.

International Biology Olympiad әлемдегі  ТОП-7 халықаралық олимпиаданың бірі. Биылғы жылы білім додасына әлемнің 81 елінен 305 жас биолог пен 275 ғалым қатысуда. Қазақстандық оқушылар 28 жылдан бері аталмыш додада ел намысын қолдан бермей келеді, осы жылдар ішінде 70-тен аса марапатқа ие болдық.  Ұйымдастыру комитетінің биылғы олимпиаданы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдауына да біздің оқушыларымыздың жетістіктері себеп болды. Қатысушылар тек зияткерлік сайысқа ғана қатысып қоймай, сондай-ақ, елорданың көрікті жерлерін, Қазақстанның інжу-маржаны — Бурабайды аралайды, еліміздің тарихымен, өнерімен танысады.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар