«ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» АЯСЫНДА «АЛТЫН ДОП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Киелі Қызылорда қаласында 7-14 шілде күндері баскетболдан «Алтын доп» республикалық жарысы өтті. Бұл жарыс «Ұлттық мектеп лигасы» аясында ұйымдастырылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 9-11 сынып оқушыларын жинады.
Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өткен сайысқа 11 команда, 120 оқушы келді.
- Қызылорда облысы - 12
- Маңғыстау облысы - 12
- Атырау облысы - 12
- Астана қаласы - 12
- Ақтөбе облысы - 12
- Шымкент қаласы - 8
- Түркістан облысы - 12
- Алматы - 12
- Қарағанды облысы - 9
- Жамбыл облысы - 12
- Алматы болысы - 12.
Жарыс кезінде оқушылар өз шеберліктерін көрсетіп, командалық рухты нығайтты. Барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз және келешекте жаңа жетістіктерге жетулерін тілейміз!