8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдап, оның негізгі бағыттарын талқылады. Жолдауда ұстаздардың біліктілігін арттыру және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру маңызды мәселе ретінде аталып өтті.
Президент айтқандай, мұғалімдер – ұлттың зияткерлік қуаты. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы елдің дамуына үлес қосу біздің ортақ міндетіміз.
ҰҒПДТО ұжымы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді қолдайды және дене шынықтыру мен спорт саласында сапалы білім мен тәрбиені одан әрі дамытуға өз үлесін қосуға дайын.