Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру шарасы өтті
- Қаралды: 117
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шара барысында Орталықтың комплаенс-офицері Б.Ж. Даулетбаева ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ереже, Стандарт, Саясат және Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясатының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 31 наурызындағы № 112 бұйрыққа сәйкес, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні айтылды.
Ұсыныстар:
1. www.nnpcfk.kz сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» айдарын үнемі жаңартып отыру.
2. Сыбайлас жемқорлық көріністерін байқаған жағдайда, комплаенс-офицерге хабарлау немесе сенім телефоны мен сенім жәшігі арқылы шағым түсіру.
Бұл шара Орталық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қатаң сақтауы үшін ұйымдастырылған.