«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның бас директорының міндетін атқарушы лауазымына Арман Бахытжанұлы Ташметов тағайындалды.
- Қаралды: 153
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның бас директорының міндетін атқарушы лауазымына Арман Бахытжанұлы Ташметов тағайындалды.
Арман Ташметов 1980 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
2001-2004 жылдары Тараз мемлекеттік университеті, «Заңгер» мамандығы;
2004-2006 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Экономика» мамандығы;
2009-2011 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Ойл групп НС» ЖШС, жабдықтау жөніндегі менеджер болып бастады.
27.04.2005 - 27.06.2005 ж.ж. - «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру департаменті сатып алуды ұйымдастыру және жабдықтау басқармасының жабдықтау бөлімінің бас маманы;
05.01.2009 - 17.04.2009 ж.ж. - «Астана қаласының туризм, ден тәрбиесі және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубы» МКҚК директорының міндетін атқарушы;
17.04.2009 - 12.01.2010 ж.ж. - «Астана қаласының туризм, ден тәрбиесі және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубы» МКҚК-ның директоры;
12.01.2010 - 15.04.2011 ж.ж.- «Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК-ның директоры;
15.04.2011 - 14.11.2011 ж.ж. - «Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «7-ші қысқы Азия ойындарын және олимпиада алауы эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекциясы» МКҚК-ның директоры;
14.11.2011 - 18.01.2013 ж.ж. - «Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Жігер» спорттық клубы» МКҚК-ның директоры;
21.01.2013 - 24.06.2013 ж.ж. - «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің материалдық-техникалық базаларды құру және нығайту жөніндегі үйлестірушісі;
01.05.2015 - 28.02.2018 ж.ж. - «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің спорт ұйымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтің спорт директоры;
06.04.2016 - 28.02.2018 ж.ж. - «Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігінің спорт ұйымдарымен жұмыс департаментінің директоры;
03.01.2018 - 28.02.2018 ж.ж. - «Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігінің спорт дирекциясы директорының орынбасары;
01.05.2018 - 01.03.2019 ж.ж. - «Астана» Президенттік оқ ату клубы» жеке мекемесінің атқарушы директоры;
15.05.2020 - 01.07.2022 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорының орынбасары;
02.07.2022 - 02.11.2022 ж.ж. - «Қазақстандық ТЕКБОЛ федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;
03.11.2022 - 05.01.2023 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының м.а.;
06.01.2023 - 02.04.2024 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.