Шымкент қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда 15 маусымда садақ атудан Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасының мандаттық отырысы өтті.
Садақ ату — мергендік спортының бір түрі. Шыдамдылықты, нысананы көздей отырып дәлдікті талап ететін бұл спорт түріне 16-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысады.
Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу базасында өткізілген белбеу күресінен Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы өз мәресіне жетті.
11 маусымда басталған батыл әрі өр мінезді оқушылардың ұмытылмас жағымды эмоцияларға толы сайысы өте қызықты әрі тартысты өтті.
Білікті төрешілер командалық, жекелей сайыстарда үздік өнер көрсеткен командаларды анықтап, қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Жалпы командалық есепте белбеу күресінен
І орын - Түркістан облысы;
ІІ орын - Жамбыл облысы;
ІІІ орын - Маңғыстау облысы.
Жарысқа Ақтау, Тараз, Түркістан, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген 45 ұл, 34 қыз бала жеке және командалық форматта бақ сынасты.
Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу базасында волейболдан Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы жалғасуда.
11 маусымда басталған батыл әрі өр мінезді оқушылардың ұмытылмас жағымды эмоцияларға толы сайысы өте қызықты әрі тартысты өтуде.
Білікті төрешілер командалық, жекелей сайыстарда үздік өнер көрсеткен командаларды анықтап, қорытынды есепті 17 маусымда жариялайды.
Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл қалаларынан келген мектеп оқушылары жеке және командалық форматта бақ сынасуда.
Алматы қаласында үстел теннисінен Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы жалғасуда.
Шапшаңдық пен дәлдікке бағытталған бұл спорт түріне Алматы қаласынан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан келген 16-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысуда.