8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын маңызды сала. Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, адалдықтарыңыз және табандылықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Әрбір күніңіз сәттілікке толы болсын, еңбектеріңіз бағаланып, мақсаттарыңызға жете беріңіздер!
Құрметпен,
Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы

 

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасының қатысушыларына арналған экскурсияны ЭКСПО көрмесінде жалғастырды.
Бұл экскурсия балаларға Қазақстанның дамуындағы маңызды жобалармен және ғылыми-технологиялық жетістіктермен танысуға мүмкіндік берді. Экспо көрмесіндегі экскурсия барысында оқушылар Қазақстанның ғылыми және технологиялық жетістіктерімен, сондай-ақ түрлі елдердің инновациялық жобаларымен танысты. ЭКСПО павильондары мен көрме залдарында көрсетілген экспонаттар балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, оларды болашақ мамандықтарын таңдауға шабыттандырды. Экспо орталығында балалар энергияның жаңғыртылатын көздері, экологиялық тұрақты даму, ақылды қалалар және басқа да заманауи технологиялар туралы мағлұматтар алды.

✅️ Ұлттық мектеп лигасы мен Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназмадасына қатысушы жас спортшылар Ұлттық музейде еліміздің тарихы мен мәдениетіне қызықты саяхат жасады.
✅️ Көне өркениеттерге, түрлі дәуірлерге арналған залдарға жасалған танымдық саяхатта ата-бабаларымыздың өмірі, олардың әдет-ғұрыптары, қолөнері және мәдениеті туралы білімдерін кеңейтіп, елімізді бүгінгі күнге жеткізген атақты тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы мол ақпарат алды.
🎯 Ұлттық музей өзінің интерактивті экранды ақпарат беруімен де оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

⚜️ Түркістан қаласында XII жазғы Гимназиаданың аясында өткен волейбол ойындары (қыздар, ұлдар) өз мәресіне жетті
16-18 жас аралығындағы оқушылар қатысқан жарыс нәтижесі келесідей:
⬇️
(Қыздар)
- I орын: Алматы қаласы
- II орын: Түркістан облысы
- III орын: Жамбыл облысы
(Ұлдар):
- I орын: Түркістан облысы
- II орын: Жамбыл облысы
- III орын: Алматы қаласы

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар